Жаңа егіннен 3,1 млн тонна дән экспортталды

Жаңа егіннен 3,1 млн тонна дән экспортталды

«Қазақстан темір жолы» АҚ деректері бойынша, 2025 жылғы қыркүйектен 27 қарашаға дейін 3,1 млн тонна дән шығарылған.
Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылдың осы кезеңінде 2,7 млн тонна дән экспортталған.

Қазақстан дәнінің экспорттық тасымалы: Өзбекстанға — 32,8%-ға (1 066 мың тоннадан 1 416 мың тоннаға дейін), Қырғызстанға — 2 есе (44 мың тоннадан 90 мың тоннаға дейін), Ауғанстанға — 28,8%-ға (139 мың тоннадан 179 мың тоннаға дейін) артқан.