Алматыда «EXPO – Агроөнеркәсіп кешеніндегі озық технологиялар» халықаралық көрмесі өтуде

Алматыда «EXPO – Агроөнеркәсіп кешеніндегі озық технологиялар» халықаралық көрмесі өтуде

Іс-шараны ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясы Ресей Ғылым академиясымен бірлесіп ұйымдастыруда.

2025 жылғы 2 сәуірде ресми түрде ашылған іс-шараға ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастықтардың өкілдері, ғылыми-білім беру мекемелері, зерттеу орталықтары, технологиялық компаниялар мен стартаптар, инвестициялық қорлар және халықаралық ұйымдар қатысуда.

Көрме Қазақстан мен Ресейдің аграрлық саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерді, инновациялық әзірлемелер мен практикалық шешімдерді көрсету үшін негізгі алаңға айналды. Оның мақсаты – ғылым мен бизнестің өзара іс-қимылын нығайту, шикізат моделінен ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге, жоғары қосылған құны бар өнімдерді өндіру және тұрақты құн жасау тізбектерін қалыптастыру.

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының (ФАО) мәліметтері бойынша, әлемде 800 миллионнан астам адам аштықтан зардап шегеді және 2050 жылға қарай азық-түлік өндірісі кем дегенде 50% - ға артуы керек. Мұндай жағдайларда Қазақстан мен Ресей айтарлықтай ресурстық әлеуетке ие бола отырып, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне қосар үлесі айрықша болмақ. Екі елдің серіктестігі ресурстарды, ғылыми мектептер мен технологиялық мүмкіндіктерді біріктіріп, бірлескен инновациялар, озық технологияларды жедел енгізу, геоақпараттық жүйелер мен жасанды интеллект негізінде цифрлық шешімдерді дамыту, сондай-ақ мамандардың жаңа буынын даярлау жолында ықпалды болмақ.

Көрменің жеке мазмұндық блогы кез келген азық-түлік саясатының негізінде жатқан өсімдіктердің генетикалық ресурстары мен тұқым шаруашылығы мәселелері болды. Қатысушылар генетикалық әртүрлілікті сақтау және пайдалану, селекцияны дамыту және климаттық тәуекелдерді ескере отырып, жоғары өнімді және төзімді жаңа сорттарды құру бойынша бірлескен бастамаларға баса назар аударды.

Ауқымды шара бараысында сондай-ақ, пленарлық отырыс және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттарын қамтитын төрт секциялық конференция өтті.

Осы ретте алдыңғы қатарлы технологиялар орталығы аясында басталған бірлескен жобаларға зор көңіл бөлінді. Солардың ішінде, А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы орталығының базасында Ресей ғылым академиясымен әріптестік негізінде құрылған «Kaz Agro Carbon» «айна» көміртек полигоны бар.

Тағы бір маңызды жоба желтоқсан айының 1-нде Қазақ көкөніс және жеміс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында ашылатын Мичурин бағы. Онда Ресейдің 600-ден астам перспективалы жеміс дақылдарының сорттары отырғызылады, бұл бақты болашақ селекциялық бағдарламалар үшін бірлескен далалық генетикалық коллекция және демонстрациялық алаң ретінде қалыптастырып, жеміс өнімдерін терең қайта өңдеу бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді.