Айдарбек Сапаров азаматтарды жеке қабылдады

Айдарбек Сапаров азаматтарды жеке қабылдады

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров азаматтарды түрлі мәселелер бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында агросекторды цифрландыру, салалық маркетплейстерді дамыту және өзге де бағыттарға қатысты жобалар таныстырылды.

Министр өтініштер мен ұсыныстарға егжей-тегжейлі жауап беріп, олардың барлығы мұқият қарастырылып, назарға алынатынын атап өтті.

ҚР АШМ басшылығы азаматтарды жеке мәселелері бойынша бекітілген кестеге сәйкес қабылдайды.