
«ҚазАгроҚаржы» АҚ сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін уақытылы алмауы салдарынан қарыз алушыларға есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару бойынша акция өткізілетіні туралы хабарлайды.
Акция 2025 жылғы 24 қарашада басталып, 2026 жылғы 1 наурызға дейін жалғасады.
Компанияда хабарланғандай, бұл бастама шаруалардың субсидияларды төлеудегі кідірістерге байланысты туындаған мерзімі өткен борыштық жүктемесін азайтуға бағытталған. Шара бұрыннан жинақталған мерзімі өткен берекешекке де, акция кезеңінде туындаған берешекке де қолданылады.
Акцияға қатысу үшін қарыз алушылар мерзімі өткен сыйақы сомасын, субсидияланатын бөлігін қоса алғанда, сондай-ақ мерзімі өткен негізгі борышты толығымен өтеуі тиіс.
Клиенттер «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалдарына өтініш берулері қажет.