Қоймаға 40 млн тонна мал азығы жиналды

Қоймаға 40 млн тонна мал азығы жиналды

Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау науқаны аяқталды.
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, өңірлер 25 млн тонна шөп (жоспардың 103,1%), 1,9 млн тонна сенаж (113,3%), 5,4 млн тонна құрамажем (98,4%), 2,1 млн тонна силос (107,3%), 4,9 млн тонна сабан (106,6%) жинаған.

Жалпы республика бойынша барлық түрлерін қоса есептегенде 39,8 млн тонна мал азығы әзірленді.
Бұл қыс маусымында малдарды ұстауға жеткілікті әрі сенімді қор қалыптастырады.

Бірқатар облыстар науқанды жоғары деңгейде өткізіп, жоспарды айтарлықтай артығымен орындады.
Олардың қатарында: Солтүстік Қазақстан (147,1%), Шығыс Қазақстан (116,0%), Алматы (105,6%), Жетісу (104,5%), Ақтөбе (103,2%), Қызылорда (102,3%), Ұлытау (102,4%) облыстары бар.

Сенаж дайындау бойынша Солтүстік Қазақстан (163,5%), Жамбыл (114,6%), Қостанай (108,0%), Алматы (107,5%), Павлодар (105,0%), Түркістан (106,2%), Жетісу (105,1%) облыстары жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Мал азығы қазіргі деңгейде еліміздің мал шаруашылығы секторының қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Яғни, 2025–2026 жылдарға қысқы маусымда малды қыстатуды оңтайлы өткеруге, жемшөп тапшылығы тәуекелдерін барынша төмендетуге мүмкіндік береді.