Жамбыл облысында жылына 70 мың тонна құс етін өңдейтін зауыт іске қосылды

Жамбыл облысында жылына 70 мың тонна құс етін өңдейтін зауыт іске қосылды

Құны 19,8 млрд теңгені құрайтын жоба «Алель Агро» АҚ тарапынан жүзеге асырылды. Кәсіпорын заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген, барлық өндірістік үдерістер халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына толық сәйкес келеді. Зауыт өндірістің толық циклі бойынша жұмыс істейді — жұмыртқаны инкубациялаудан және құсты өсіруден бастап, терең өңдеу және дайын өнімді нарыққа жеткізуге дейін.

Бүгінде кәсіпорын жылына шамамен 10 мың тонна құс етін өндіреді. 2025 жылдың соңына дейін қуаттылығы 4,6 мың тоннаны құрайтын үшінші бройлер фабрикасын іске қосу, сондай-ақ жалпы қуаттылығы 26 мың тонна болатын екі өндірістік алаң салу жоспарлануда.

2028 жылға қарай өндірістің жылдық көлемі 69 мың тоннаға жетеді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Жамбыл облысында үш ірі құс шаруашылығы кәсіпорны жұмыс істейді: екеуі — құс етін өндіру бойынша, біреуі — жұмыртқа өндіру бойынша.