
Қостанай облысында 1200 бас ірі қара малға арналған заманауи сүт-тауарлы ферма пайдалануға берілді.
Жалпы инвестиция көлемі 4,3 млрд теңгені құрайтын маңызды жобаны «Каменскуральск» ЖШС іске асырды.
Жылдық өндірістік қуаты 6700 тонна сүтке есептелген кәсіпорында MILKPLAN S.A. компаниясының үздік технологиялық жабдықтары орнатылған, бұл өндірісті жоғары деңгейде автоматтандыруға және сүт өндіру тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, нысанға қажетті барлық коммуникациялар тартылды. Силос пен сенажға арналған траншеялар дайындалды, сондай-ақ мал азығымен толық қамтамасыз етілді.
Алғашқы 400 бас асыл тұқымды мал фермаға қараша айында әкелінді, келер жылдың қаңтар айында алғашқы төл алу жоспарланып отыр.
Жаңа кешеннің іске қосылуы өңірде сүт өндіру көлемін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қостанай облысындағы қайта өңдеу кәсіпорындары үшін шикізат базасын нығайтуға жол ашады.