Жаңа егіннен 2,6 млн тонна астық экспортталды

Жаңа егіннен 2,6 млн тонна астық экспортталды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметі бойынша, 2025 жылдың қыркүйегінен 13 қарашасына дейін жаңа егіннен 2,6 млн тонна астық экспортқа шығарылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғары, ол кезде 2,2 млн тонна астық тасымалданған еді.

Экспорт көлемі әсіресе көршілес елдерге бұрынғыдан өсе түсті.

Ең жоғары көрсеткіш Өзбекстан– 41% (872 мың тонннан 1 232 мың тоннаға дейін), Қырғызстан – 2,2 есе (32 мың тонннан 73 мың тоннаға дейін), Әзербайжан – 30% (50 мың тонннан 65 мың тоннаға дейін), Ауғанстан – 35% (100 мың тонннан 135 мың тоннаға дейін) елдері бағытында байқалып отыр.