Абай облысында құрама жем зауытының құрылысы жалғасуда

Абай облысында құрама жем зауытының құрылысы жалғасуда

Абай облысының Мақаншы ауылында «DI-NUR» ЖШС құрама жем өндіретін заманауи зауыттың құрылысын салуға бағытталған ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Жобаның құны 7 млрд теңгені құрайды.

Нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Кәсіпорынды іске қосу биылғы жылға жоспарланған. Жаңа зауыт облыста өңдеу саласындағы негізгі өндіріс орындарының біріне айналады деп күтілуде. Кәсіпорын жылына 1000 тоннаға дейін құрама жем шығара алады, 1000 тонна бидайды өңдеуге, 1000 тонна күнбағыс тұқымын тазартуға, сондай-ақ 300 тонна майлы дақылдарды қайта өңдеуге және шамамен 300 тонна май өндіруге мүмкіндік береді.

Тазартылған күнбағыс өнімін және басқа өңделген тауарларды өндіру өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтады, ауданның өзіндік өніммен қамтамасыз етілуін арттырады және аграрлық сектордың әрі жалпы аймақ экономикасының дамуына тың серпін береді.