
2024 жылы Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің алғашқы форумында Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысындағы «Зенченко и Компания» серіктестігінің басшысы Геннадий Геннадьевич Зенченкоға ең жоғарғы мемлекеттік награда — «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын табыстады.
Бұл марапат тек Геннадий Зенченконың жеке еңбегін ғана бағалау емес, сонымен қатар отандық ауыл шаруашылығын дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігі мен әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға өмірін арнаған бүкіл әулетке деген құрметтің белгісі деуге болады.
Ұрпақ сабақтастығы мен өмірлік миссия
Геннадий Геннадьевич бала кезінен еңбекті құрметтеп, ел, жерге деген сүйсіпеншілік пен тәртіпті бойына сіңірге. Бұл жалпы Зенченко әулетінің ерекшелігі.
Қарағанды политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған соң, ол қарапайым механизатордан бастап Қазақстандағы ең ірі аграрлық кәсіпорындардың бірінің басшысы дәрежесіне көтерілді.
2021 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысындағы «Зенченко и Компания»-ны басқарып, еңбегі аңызға айналған тұлға, Еңбек Ері Геннадий Иванович Зенченконың ісін лайықты жалғастырып келеді.
Бүгінде Зенченко есімі адал еңбек, кәсібилік және ауылды көркейтудің символына айналған.
Жаңа буын агрофирмасы
Геннадий Зенченко басшылығымен кәсіпорын заманауи ауыл шаруашылығының жарқын үлгісіне айналды, мұнда дәстүрлер инновациялық жетістікпен үйлескен.
Толық өндіріс дәнді және майлы дақылдарды өсіруден бастап, қайта өңдеу және мал шаруашылығына дейінгі кезеңді қамтиды. Өнім сапасының тұрақтылығы, тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігі басты назарда.
«Зенченко и Компания» - аймақтағы сүт ірі қара малын бағуда ең жоғары көрсеткішке ие асыл тұқымдық мал зауыты. Мұнда сауынды автоматтандырылған жүйелер, егіншілік технологиялары және сандық мониторинг жүйесі енгізілген.
Нәтижесінде өнімділік жыл сайын артты, өнім сапасы жақсарды, Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға тың серпін берілді.
Саланың көшбасшысы және жас ұрпаққа тәлімгер
Геннадий Зенченко елдің аграрлық саясатын қалыптастыруға, отандық брендті ілгерілетуге және сапа стандарттарын дамытуға белсенді қатысып келеді.
Ол адамдарды шығармашылық еңбек идеясы төңірегінде біріктіретін көшбасшы, әріптестер мен жастарды ауылда жұмыс істеуге шабыттандырады, фермерлер мен кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Оның басшылығымен кәсіпорын өңірдің әлеуметтік тыныс орталығына айналды. Кәсіпорынның қолдауымен жаңа жұмыс орындары ашылады, тұрғын үйлер салынып, инфрақұрылым жаңартылады, білім беру және спорттық бағдарламалар жүзеге асырылады.
Ел тарихына енген әулет
Зенченко әулеті Қазақстанда екі буын Еңбек Ері атағына ие болған жалғыз отбасы.
Бұл сабақтастықтың, жауапкершіліктің және туған жерге қызмет етудің жарқын үлгісі, мыңдаған ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне шабыт береді.
Геннадий Зенченко — Қазақстанның қазіргі ауыл шаруашылығының бірегей тұлғасы, дәстүр мен инновацияны, экономикалық тиімділік пен әлеуметтік жауапкершілікті үйлестіре білген адам.
Оның еңбегі жай ғана қызмет емес, ауылды нығайтуға, адамдарды қолдауға және елді дамытуға бағытталған миссия.
Ол өзінің еңбегімен жетістіктің жерге адалдықпен, еңбекке құрметпен және Отанға деген сүйіспеншілікпен келетінін дәлелдеді.
Геннадий Зенченкодай тұлғалар Қазақстанның баға жетпес байлығы.