ІҚМ бұқашықтарын шығаруға уақытша тыйым салынды

ІҚМ бұқашықтарын шығаруға уақытша тыйым салынды

Сыртқы сауда қызметі және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) 2025 жылғы 8 қазандағы отырысында Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың (ІҚМ) бұқашықтарын әкетуге тыйым салу қажет болған жағдайда, ВАК-қа шығармай, шараны одан әрі автоматты түрде ұзарту мүмкіндігімен алты ай мерзімге ұзарту мақұлданды.

Осыған байланысты, ҚР АШМ 04.11.2025 ж. № 416 «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы қабылданды.

Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын қосымша жүктеу мақсатында уақытша тыйым салынды.

Бұйрық 2025 жылғы 5 қарашадан күшіне енді.

Бұйрықпен сілтеме арқылы танысуға болады: https://zan.gov.kz/client/#!/doc/216488/kaz.