«Қазақстан ұзақмерзімді инвестициялар үшін ашық және болжамды ел болып қала береді» — Олжас Бектенов KGIR-2025 алаңында

«Қазақстан ұзақмерзімді инвестициялар үшін ашық және болжамды ел болып қала береді» — Олжас Бектенов KGIR-2025 алаңында

KGIR-2025 алаңында сомасы $7,5 млрд болатын 49 құжатқа қол қойылды, оның ішінде $3,8 млрд-тық 13 коммерциялық келісім Премьер-министр Олжас Бектеновтің қатысуымен өтті.

Олардың арасында: 

Түркістан облысында мақта-тоқыма кластерін салу үшін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Kazakhstan Lihua» ЖШС, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС арасындағы инвестициялар туралы келісімдер;

Шымкент қаласында жылыжай кешенін салу және пайдалану үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Fabe-Agro» ЖШС арасындағы инвестициялар туралы келісім;

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі және Harvest Agro Holding компаниясы арасындағы Қызылорда облысында агроиндустриалды кластер құру жөніндегі жобаны жүзеге асыру туралы негіздемелік келісім;

Солтүстік Қазақстан облысында қант зауытын салу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Asyl Sugar компаниясы арасындағы инвестициялар туралы келісім;

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «СП Кока-Кола Алматы Боттлерс» ЖШС арасындағы Ақтөбе облысында сусындар өндіретін зауыт салу туралы негіздемелік келісім.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Премьер-министр үздік инвестор компаниялардың өкілдеріне марапаттар табыс етті, олардың ішінде: Fufeng Group компаниялар тобының негізін қалаушы Ли Сюэчунь, Ресей, Беларусь, Кавказ және Орталық Азия аймағы бойынша PepsiCo компаниясының президенті Давид Манзини, «Kazakhstan Lihua» ЖШС бас директоры Сюй Цзе, «KIA Qazaqstan» ЖШС бас директоры Ким Де Ки және т.б. бар.

KGIR-2025 алаңында Премьер-министр халықаралық инвестор компаниялардың Қазақстанда жүзеге асырып жатқан және алдағы уақытқа жоспарланған жобалары туралы стендтер қойылған көрмеге қатысты. 

Швейцариялық Harvest Group SA компаниясы АӨК саласына қазіргі заманғы суару жүйелерін енгізе отырып, жайылымдық және өріс жерлерді суармалы жерлерге ауыстыру жөніндегі жобаны ұсынды. Оны жүзеге асыру нәтижесінде 2029 жылға қарай елдің аграрлық айналымына 300 мың гектарға жуық суармалы жер еніп, топырақ өнімділігі 4-6 есе артпақ.