Қазақстандағы пияз бен картоп теңгерімінің болжамы 29.10.2025 ж.

Қазақстандағы пияз бен картоп теңгерімінің болжамы 29.10.2025 ж.

«Дәнді және майлы дақылдар.Қазақстан» ғылыми-зерттеу бюросы мен ҚР АШМ бірлесіп әзірледі.

Пияз

2024 және 2025 жылдардың пияз теңгерімін салыстырғанда, төмендегідей өзгерістерді байқауға болады:

Экспорт: 2025 жылы 264 682 тоннадан 321 352,6 тоннаға дейін өсуі күтілуде.

Импорт: 137 281 тоннадан 150 254,6 тоннаға дейін артуы болжанып отыр.

Өндіріс: 756 744 тоннадан 1 008 979 тоннаға дейін көбейеді, бұл егіс көлемінің ұлғаюы мен өнімділіктің артуын көрсетеді.

Шығындар және өндірістік тұтыну: 96 185 тоннадан 127 020 тоннаға дейін өседі, бұл жалпы өндірістің артуына сәйкес келеді.

Халықтың тұтынуы: 629 344 тоннадан 887 402 тоннаға дейін өседі.

Жан басына шаққандағы тұтыну: 31 кг-нан 43 кг-ға дейін жоғарылайды.

Кесте 1. Қазақстан Республикасындағы пияз ресурстары мен пайдаланылуының теңгерім бағасы (тоннамен)

 

Экспорт

Импорт

Өндіріс

Шығын (7%) және өндірістік тұтыну (5%)

Халықтың тұтынуы

Жан басына шаққандағы тұтыну

2022

187 406

196 402

1 113 998

133 680

1 122 994

56

2023

130 310

199 382

812 780

97 534

881 852

44

2024

264 682

137 281

756 744

96 185

629 344

31

2025

321 352,6

150 254,6

1 058 500

127 020

887 402

43

Ескерту: *болжамды деректер

** 2025 жылғы қаңтар-маусым айлары бойынша статистика, фито-сертификаттар және орташа мәндер

2025 жылғы қыркүйектегі халық саны - 20 426 568

Картоп

2024 және 2025 жылдардағы картоп теңгерімін салыстырғанда келесі үрдістер байқалады:

Экспорт: 565 250 тоннадан 473 818 тоннаға дейін аздап төмендейді. Қазақстан экспорттық нарықтарда белсенділігін сақтайды, бірақ көлемі өткен маусымға қарағанда сәл аз болады.

Импорт: 71 551 тоннадан 266 263,6 тоннаға дейін өсуі күтіледі.

Өндіріс: 2 634 610 тоннадан 2 942 500 тоннаға дейін өседі, бұл егіс көлемінің ұлғаюы мен қолайлы ауа райымен байланысты.

Шығындар және өндірістік тұтыну: 579 514 тоннадан 647 350 тоннаға дейін көбейеді, бұл жалпы өнім көлемінің артуына сәйкес келеді.

Халықтың тұтынуы: 2 140 911 тоннадан 2 734 945 тоннаға дейін өседі.

Жан басына шаққандағы тұтыну: 105 кг-нан 133 кг-ға дейін жоғарылайды, бұл ішкі нарықтағы картоптың қолжетімділігінің артқанын көрсетеді.

Кесте 2. Қазақстан Республикасындағы картоп ресурстары мен пайдаланылуының теңгерім бағасы (тоннамен)

жылдар

Экспорт

Импорт

Өндіріс

Шығын (10%) және өндірістік тұтыну (12%)

Халықтың тұтынуы

Жан басынан шаққандағы тұтыну

2022

241 756

52 923

4 080 473

897 704

3 891 640

196

2023

411 533

61 960

2 046 772

450 290

1 697 199

84

2024

565 250

71 551

2 634 610

579 514

2 140 911

105

2025

473 818,6

266 263,6

2 942 500

647 350

2 734 945

                   133

Ескерту: *болжамды деректер

** 2025 жылғы қаңтар-масым айларындағы статистика, фито-сертификаттар және орташа мәндер

2025 жылғы қыркүйектегі халық саны - 20 426 568

Ағымдағы ақпарат:

Қазіргі уақытта нарықта жаңа өнім — жергілікті пияз бен картоп сатуға шыға бастады.  Елдің оңтүстігіндегі қуаңшылық және солтүстіктегі артық ылғал жағдайына байланысты өндіріс көлемін қайта қарау қажет болуы мүмкін.

Бүгінгі күні жеткізілім бойынша кедергі жоқ, ұсыныс та, бағалар да тұрақты деңгейде.

Алдағы уақытта пияз бен картоп бойынша ағымдағы жағдай, нарықтық деректер және сауда стратегиясы жөніндегі ұсынымдар жарияланып отырады.

Теңгерім жасау әдістемесіне түсініктемелер:

Кезең:

Теңгерімдерді жасау кезінде календарлық жыл кезеңі пайдаланылды.

Өндіріс:

Деректер ҚР Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) жарияланымдарына негізделген.

2023 жылы ҰСБ шаруа және фермер қожалықтары, сондай-ақ халық шаруашылықтарының кейбір көрсеткіштерін қайта қарап, ресми статистикалық деректердің нақтылығын арттырды.

Сондықтан 2022 жылдан бастап алынған деректерді негізгі, ал 2025 жылғы деректерді анықтамалық ретінде қабылдау ұсынылады.

Келесі жылға өтетін қалдықтар:

Пияз бен картоп әдетте 12 айдан артық сақталмайды, сондықтан өтпелі қалдықтар теңгерім есебіне енгізілмейді.

Шығындар және өндірістік тұтыну:

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) әдістемесіне сәйкес алынған халықаралық тәжірибеге негізделген орташа коэффициенттер пайдаланылды:

Шығындар:

  • Пияз: жалпы өнімнің 7% — сақтау кезіндегі кебу, бүліну және жарамсыздық шығындары.
  • Картоп: жалпы өнімнің 10% — шіру, механикалық зақымдану және кебу шығындары.

Өндірістік тұтыну:

Өндірістік тұтынуға тұқымдық материал, мал азығы және өнеркәсіптік өңдеу кіреді.

Орташа коэффициенттер:

  • Пияз: жалпы өнімнің 5% (тұқым және өңдеу).
  • Картоп: жалпы өнімнің 12% (тұқым және өңдеу).

Тұтыну есебі:

Тұтыну келесі формула бойынша есептеледі:

Тұтыну = Өндіріс + Импорт – Экспорт

Жан басына шаққандағы тұтыну:

Көрсеткіш Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының халық саны туралы деректеріне негізделген.