
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров азаматтарды түрлі мәселелер бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында төтенше жағдайлар кезінде келтірілген залалды өтеу және басқа да өзекті ұсыныстар талқыланды.
Министр азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына жан-жақты жауап беріп, олардың барлығы мұқият зерделеніп, назарға алынатынын атап өтті. Министрлік басшылығы азаматтарды жеке қабылдауды бекітілген кесте бойынша тұрақты түрде жүргізіп отырады.