ҚР АШМ АӨК-дегі инвестициялық субсидиялау бағдарламасын жаңартты    

ҚР АШМ АӨК-дегі инвестициялық субсидиялау бағдарламасын жаңартты      

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі аграршыларды қолдауға және агроөнеркәсіптік кешеннің басым бағыттарын дамытуға бағытталған инвестициялық субсидиялау бағдарламасына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.

Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы АӨК-дегі мемлекеттік қолдаудың негізгі құралдарының бірі болып қала береді. Бағдарлама жобаларды іске асыру кезіндегі капиталдық шығындарды азайтуға, инвестициялардың өтелімділігін арттыруға, еңбек өнімділігі мен өндіріс көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, бағдарлама ауылдық жерлердегі жұмыспен қамтылуға оң әсерін тигізеді.

2025 жылғы 28 қазаннан бастап 2025 жылғы 14 қазандағы №371 бұйрық күшіне енеді, аталған бұйрық инвестициялық субсидиялау тетігінің тиімділігін арттыруға бағытталған өзгерістерді бекітеді.

Негізгі өзгерістер Мемлекет басшысының Маңғыстау облысы үшін құдық бұрғылау жұмыстарына арналған инвестициялық субсидияларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен 80%-ға дейін өтеу жөніндегі тапсырмасын орындауға, сондай-ақ мал шаруашылығы субъектілерін сумен қамтамасыз ету және жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын (құдықтар, ұңғымалар) құру кезінде арнайы су пайдалануға рұқсат беру талабының күшін жоюға қатысты.

ҚР АШМ өңірлік ерекшеліктер мен агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты дамуының міндеттерін ескере отырып, қолдау шараларын жетілдіру жұмыстарын жалғастыратын болады.