Хабарландыру

Хабарландыру

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырудың тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-2 тармақтарына және «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдарында жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 04 сәуірдегі № 974 қаулысына сәйкес 2020 жылғы 14 қазанда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаровтың бейнеконференция арқылы азаматтарды қабылдауы жоспарланған болатын.

Министрдің шұғыл түрде жұмыс сапарымен 13 қазаннан 17 қазанға дейін Түркия еліне шығып кетуіне байланысты 14 қазанға жоспарланған азаматтарды қабылдау кейінге қалдырылады.

Азаматтарды қабылдаудың күні туралы қосымша хабарланатын болады.