2025 жылғы 9 қазанда ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қостанай облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен және тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Күн тәртібіндегі мәселе – «Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша қабылданған шаралар».
Кездесу сағат 14:30-да Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоровка ауылы, Калинин көшесі, 53-үй мекенжайында өтеді.
БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.
Қосымша ақпаратты келесі телефон арқылы алуға болады: +7 (7172) 555-765 – Асия Нұрпейісова.
Өңірдің АӨК-ін дамытуға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарыңызды келесі электрондық поштаға жолдауыңызды сұраймыз: targynova.k@minagri.gov.kz.