Сергеев су қоймасына 1 млн тұқы балығының шабағы жіберілді

Сергеев су қоймасына 1 млн тұқы балығының шабағы жіберілді

Солтүстік Қазақстан облысында су айдындарын балықтандыру жұмыстары басталды. Мемлекеттік тапсырыс аясында «Петропавл балық питомнигі» РМҚК-ны Сергеев су қоймасына балық жіберуді жүзеге асыруда. 27 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында су айдынына 1 млн тұқы балығының шабағы жіберілді.

Жас балықты жіберу барысына ведомствоаралық комиссия бақылау жүргізді. Оның құрамына Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар және «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Солтүстік филиалының мамандары кірді.

Балықтандырудың мақсаты – табиғи су айдындарының балық ресурстарын сақтау, көбейту және оларды тұрақты пайдалану.