Өңірлерде егін жинау науқаны жалғасып жатыр.
Астық және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды егіс алқабы 16 млн гектардан асады. Бүгінге дейін 7,8 млн гектар немесе жалпы көлемнің 48,3%-ы жиналды. Нәтижесінде 11,6 млн тонна астық бастырылды.
Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 293 мың тонна майлы дақыл, гектарына 234 центнер өнімділікпен 1,2 млн тонна картоп және гектарына 288,8 центнер өнімділікпен 2,4 млн тоннадан астам көкөніс жинады.
Атап айтқанда, гектарына 357,4 центнер өнімділікпен 385 мың тоннадан астам қырыққабат, гектарына 422,7 центнер өнімділікпен 637 мың тонна пияз және гектарына 294,4 центнер өнімділікпен 187,2 мың тонна сәбіз жиналды.
Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, оңтайлы агротехникалық мерзімде жүргізілуде.