Al Husseini Group Қазақстанда құс шаруашылығы саласында жобаны іске қосады

Al Husseini Group Қазақстанда құс шаруашылығы саласында жобаны іске қосады

Бүгін Қазақстан–Иордания бизнес-форумы аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Иорданияның Al Husseini Group корпорациясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат агроөнеркәсіптік кешен саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге бағытталған. Аталған келісім аясында Қазақстан аумағында асыл тұқымды құс өсіретін репродуктор салу жобасы жүзеге асырылады.

Компанияның жоспарларына сәйкес, инвестиция көлемі 85 миллион АҚШ долларын құрайды.

Al Husseini Group-тың Қазақстандағы жобалары елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға, озық технологияларды тартуға, сондай-ақ құс шаруашылығын дамытуға және қосылған құны жоғары өнім экспортын арттыруға серпін береді.