Қазақстанда жылына 150 мың тонна жүгері өңдейтін крахмал-сірне зауыты іске қосылады

Қазақстанда жылына 150 мың тонна жүгері өңдейтін крахмал-сірне зауыты іске қосылады

Түркістан облысында «Казкрахмал» ЖШС жүгеріні терең өңдеу жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда.
Қазіргі таңда шикізатты қабылдау, кептіру және сақтау кешендері іске қосылды. Қазір өндірістік қуаттарды енгізу және қалдықсыз өңдеу технологиясын қолдану жұмыстары жүргізілуде.

2025 жылы крахмал, сірне, тағамдық глюкоза, мальтоза сиропы, жүгері майы, глютен, кебек және түйіршіктелген құрамажемді қоса алғанда 20-дан астам өнім түрін шығару жоспарланған. Өндірісте тек генетикалық түрлендірілмеген жүгері пайдаланылатын болады.

Жалпы инвестициялар көлемі 35 млрд теңгені құрайды.
Кәсіпорынның өнімдері ішкі нарықта да, сондай-ақ Азия мен Еуропа елдерінде де сұранысқа ие болады.

Жобаны іске асыру Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттырып, өңірдің инвестициялық тартымдылығын жаңа деңгейге көтереді.