Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ұлытау облысы тұрғындарымен кездеседі

Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ұлытау облысы тұрғындарымен кездеседі

2025 жылғы 20 тамызда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Аманғали Бердалин Ұлытау облысы тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізеді.

Күн тәртібінде – өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған қабылданған шаралар талқыланады.

Кездесу сағат 17:30-да Жезқазған қаласы, Алаша алаңы, 1, Ұлытау облысы әкімдігі ғимаратында өтеді.

Кездесуге БАҚ өкілдерін қатысуға шақырамыз.

Толығырақ ақпарат алу үшін тел.: +7 (7172) 555-765 – Дана Әрін.

Өңірдің АӨК-ін дамытуға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарды targynova.k@minagri.gov.kz поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.