2025 жылғы 12 тамызда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. Азат Сұлтанов Абай облысының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізеді.
Кездесу барысында өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған қабылданған шаралар талқыланады.
Кездесу сағат 09:30-де Семей қ., Мәңгілік ел көшесі, 11, «Alikhan Bokeikhan University» ғимараты, 4-қабат, акт залында өтеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.
Қосымша ақпарат үшін: +7 (7172) 555-765 – Асия Нұрпейісова.
Өңірдің АӨК саласын дамытуға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарды targynova.k@minagri.gov.kz электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.