Қазақстанда 20 млн тоннадан астам мал азығы дайындалды

Қазақстанда 20 млн тоннадан астам мал азығы дайындалды

Ел өңірлерінде 2025–2026 жылдардың қысқы маусымына дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жоғары қарқын Қостанай (96,5%), Ақмола (92,3%), Солтүстік Қазақстан (97,3%) облыстарында, сондай-ақ Жетісу облысында (91,0%) және Шымкент қаласында (100%) байқалады.

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша, бүгінгі күні 17,9 млн тонна шөп, 1,2 млн тонна сенаж, 422,6 мың тонна құнарлы мал азығы, 1,1 млн тонна сабан, 193,5 мың тонна сүрлем дайындалған.

2025–2026 жылдардың қысқы маусымына бекітілген жоспарлы көлемдер: шөп – 24,5 млн тонна, сенаж – 1,7 млн тонна, сабан – 4,6 млн тонна, құнарлы мал азығы – 5,6 млн тонна, сүрлем – 2,0 млн тонна.

Қазіргі дайындалған мал азығы көлемі жануарларды толыққанды азықтандыруға, жоспарлы өнім және төл алуға, сондай-ақ мал басының сақталуын қамтамасыз етуге жеткілікті.

Мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты.