Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездеседі

Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездеседі

2025 жылғы 11 тамызда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. Азат Сұлтанов Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізеді.

Кездесу барысында өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған қабылданған шаралар талқыланады.

Кездесу 17:30-да Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1 мекенжайында, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Ситуациялық орталығында өтеді.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.

Қосымша ақпарат үшін: +7 (7172) 555-765 – Асия Нұрпейісова.

Өңірдің АӨК саласын дамытуға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарды targynova.k@minagri.gov.kz электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.