Айдарбек Сапаров азаматтарды қабылдады

Айдарбек Сапаров азаматтарды қабылдады

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров кезекті азаматтарды жеке қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында астық пен дәнді дақылдарды экспорттау мәселелері қаралды.

Қабылдау қорытындысы бойынша тиісті комитеттер мен департаменттерге қолданыстағы заңнама мен өз құзыреті аясында қажетті шараларды қабылдау, сондай-ақ өтініш иелерімен кері байланысты қамтамасыз ету тапсырылды.

Министрлік басшылығы азаматтарды жеке мәселелері бойынша бекітілген кестеге сәйкес қабылдайды.