
Қазақстанда алғаш рет өтіп жатқан BaiQymyz фестиваліне еліміздің барлық өңірінен 50-ден астам қымыз өндіруші қатысуда.
Фестиваль қымыз ішу мәдениетін жаңғыртуға, фермерлікті дамытуға және жергілікті брендтерді ілгерілетуге бағытталған.
Келушілерге қымыз ұсынылып қана қоймай, оны дайындаудың бірегей технологиясы да таныстырылып жатыр.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, 40 мыңнан астам елорда тұрғыны мен қонағы 30 тоннадан астам ұлттық сусыннан дәм татқан.
Жоба ұлттық дәстүрлерді сақтау мен насихаттау ісіндегі рекордтық жетістік қана емес, сонымен қатар маңызды мәдени оқиғаға айналды.
Еске сала кетейік, фестиваль 19–20 шілде күндері Астанадағы «Қазанат» атшабары аумағында өтуде. Қымыздан дәм татудан бөлек, келушілер ұлттық тағамдардан ауыз тиіп, фольклорлық қойылымдарды тамашалап, қолөнер жәрмеңкесіне, концерттерге қатысып, жылқы көрмесін тамашалай алады.
Кіру – тегін.