Президенттің АӨК өнімін екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру: Үкімет мал шаруашылығын субсидиялауды 43%-ға ұлғайтты, ІҚМ саны 9,6 млн басқа дейін өсті

Президенттің АӨК өнімін екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру: Үкімет мал шаруашылығын субсидиялауды 43%-ға ұлғайтты, ІҚМ саны 9,6 млн басқа дейін өсті

Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президенттің 2029 жылға қарай ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде мал шаруашылығы саласын дамыту мәселелері қаралды.

«Мал шаруашылығы – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған дәстүрлі сала.

Мемлекет басшысы биыл қаңтарда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында мал шаруашылығына мемлекеттік қолдау қажеттігін атап көрсетті. Осы орайда жыл сайын саланы субсидиялау мен несиелеу жүргізілуде. Биыл бюджеттен шамамен 160 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.

Бұл бізге мал басының және мал шаруашылығы өнімдерінің тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бүгінгі таңда елімізде ірі қара мал саны 9,6 миллион басқа дейін өсті, жылқылардың саны 5 миллионға жетті.