Қазақстанда мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу белсенді дамып келеді. Ақтөбе облысындағы «КАФЕЛТЕК» ЖШС жүннен жылу оқшаулағыш материалдар өндіру жобасын жүзеге асыруда, ал Алматы қаласында «Iskefe Holding» ЖШС ауыл шаруашылығы жануарларының терісінен желатин өндіру жобасын іске асыруда. ҚР сауда және интеграция министрлігінің тері мен жүнге экспорттық кедендік баждарды алып тастауы жөніндегі ережелерді қабылдауы маңызды қадам болды. Бұл өнімді сатып алу және экспорттау бойынша 15 кәсіпорынның жұмысын жандандырды.