Қазақстандық мал шаруашылығы тұрақты өсім көрсетуде

Қазақстандық мал шаруашылығы тұрақты өсім көрсетуде

2025 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарлары санының және мал шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің тұрақты өсуі байқалады. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

Атап айтқанда, ірі қара мал басы 23,4%-ға артты, ұсақ мал – 7,8%-ға, жылқы – 12,2%-ға, түйе – 8,5%-ға, құс – 2,2%-ға өсті. Мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,2 млрд теңгеден асып, 4,2%-ға өсті. Ет (+3%), сүт (+7,5%) және жұмыртқа (+0,3%) өндірісінің өсуі байқалды.