«Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, халықаралық және республикалық маңызы бар ірі балық шаруашылығы су айдындарының учаскелері (оның ішінде Каспий теңізінің акваториясы, Бұқтырма су қоймасы және басқалары) балық өсіру бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ғана конкурссыз берiлуі мүмкін.
Учаскелерді беру инвесторға нақты қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады, олар мыналарды қамтиды:
Маңызды жайт – жоба тек инвестордың жеке қаражаты есебінен іске асырылады және қайтарымсыз мемлекеттік қаржылай көмек қарастырылмаған. Сонымен қатар, заңнамада көзделген қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары сақталады:
Бақылау және жауапкершілік
Учаскелердің конкурссыз берілуі инвесторды жауапкершіліктен босатпайды. Ол келесі міндеттемелерді орындауы тиіс:
Шарт талаптары бұзылған жағдайда, құжат күшін жояды, бұл учаскелерді тиімсіз немесе формалды пайдалануға жол бермейді.
Жергілікті маңызы бар су айдындары
Жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі және (немесе) уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерінде толық орналасқан жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері олардың өтінімі бойынша белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес ведомствоның аумақтық бөлімшесінің шешімімен конкурс өткізілмей оларға бекітіп беріледі.
Осыған ұқсас механизм бұрын «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңның 40 және 40-1 баптарының негізінде болғанын атап өткен жөн.
Ащы-тұзды су айдындарын бекітіп беру туралы
Заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты, Солтүстік Қазақстан облысындағы Теке көлі сияқты ащы-тұзды су айдындары конкурссыз бекітіп беруге жатпайды. Аталған Заңның 40-бабына енгізілген түзетулерге сәйкес, 2025 жылдан бастап мұндай су айдындары тек конкурс арқылы ғана берілетін болады.
Бұдан басқа, ащы-тұзды су айдындарын пайдалану құқығына ие болу үшін инвестор бейінді ғылыми ұйымның қорытындысымен расталған артемия цисталарын терең өңдеу технологияларының бар екенін растауы тиіс.
Осылайша, аквашаруашылық үшін су учаскелерін ұсыну табиғи ресурстар мен биоәртүрлілікке нұқсан келтірместен саланың дамуына үлес қоса алатын тиімді, технологиялық жабдықталған және жауапты инвесторларды қолдауға бағытталған.