Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одақ бонитер-классификаторларының алғашқы слеті өтті

Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одақ бонитер-классификаторларының алғашқы слеті өтті

Павлодар облысындағы «Agro-Trade PV» ЖШС базасында Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдердің бонитер-классификаторларының алғашқы слеті өтті. Іс-шара асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мамандар мен классификаторларды біріктіріп, тәжірибе алмасуға, кәсіби диалог жүргізуге және ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділік қасиеттерін бағалауда бірыңғай көзқарас қалыптастыруға арналған бірегей алаң болды.

Слеттің ұйымдастырушылары — Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, ІҚМ сүт және аралас тұқымдарының республикалық палатасы және «Жануар шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС.

Үш күн бойы қатысушылар үшін жан-жақты бағдарлама дайындалды. Бағдарламаға жануарлардың экстерьерін заманауи әдістермен бағалау бойынша оқыту модульдері, шаруашылық базасындағы практикалық сабақтар, ЕАЭО аясындағы бонитерлерге қойылатын бірыңғай стандарттар мен талаптарды талқылау, цифрлық құралдар мен деректерді есепке алудың жаңа формаларының презентациялары кірді.

Слеттің басты мақсаты — бонитер мамандарының біліктілігі мен жұмысындағы дәлдікке сүйене отырып, ауыл шаруашылығы жануарларының генетикалық әлеуетін дамыту үшін бірыңғай әдістемелік және кәсіби кеңістік қалыптастыру.

Бұл іс-шара Одақ елдері арасындағы селекциялық жұмыстың сапасын арттыру мен агроөнеркәсіптік кешендегі ынтымақтастықты нығайту жолында маңызды қадам болды.