«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының мәліметінше, 2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы маусымның 18-іне дейін жаңа өнім дәнді дақылдарының экспорты 8,7 млн тоннаны құрады. Бұл 2023–2024 жылдардың осындай кезеңімен салыстырғанда 58,7%-ға артық.
Экспорт көлемінің айтарлықтай артуы қазақстандық дәнді дақылдарға сыртқы нарықтарда жоғары сұраныстың бар екенін дәлелдейді және жеткізу географиясын кеңейту мен логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді.
Экспорттың негізгі бағыттарының қатарында дәстүрлі нарықтар бар:
Өзбекстан — 3,1 млн тонна (+30,3%),
Тәжікстан — 1,2 млн тонна (+46,1%),
Ауғанстан — 285 мың тонна (+37%),
Қырғызстан — 209 мың тонна (+85,5%),
Иран — 963 мың тонна (17,2 есе өсім),
Әзербайжан — 696 мың тонна (116,6 есе өсім).