Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мәселелері бойынша кеңес өтті

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мәселелері бойынша кеңес өтті

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Аппарат басшысы Сергей Лидің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мәселелеріне арналған кеңейтілген кеңес өтті.

Кеңеске министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының, комитеттердің, олардың облыстық аумақтық бөлімшелері мен бағынысты ұйымдарының өкілдері қатысты.
Кадрлық және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры Нұрлан Әзімханов сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, комитет төрағаларының баяндамалары тыңдалып, олар жүзеге асырылып жатқан шаралар жөнінде есеп беріп, ведомство қызметіндегі ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етуге байланысты өзекті мәселелер бойынша ақпарат ұсынды.

Кеңес қорытындысы бойынша Сергей Ли сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетті күшейтуге, ашықтықты қамтамасыз етуге, ішкі бақылаудың тиімділігін арттыруға және жүйе деңгейінде тәртіпті нығайтуға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жолын кесу бағытында жүйелі және мақсатты жұмысты жалғастырады, заңдылық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарының қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.