Қазақстанда егіс науқаны жалғасуда – ауыл шаруашылығы жерлерінің 72,4%-ы егілді

Қазақстанда егіс науқаны жалғасуда – ауыл шаруашылығы жерлерінің 72,4%-ы егілді

Бүгінгі таңда 15,1 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жері егілді.
Ең көп егіс көлемі Ақмола облысына тиесілі – 3 706 мың гектар, Қостанайда – 3 292 мың гектар, Солтүстік Қазақстанда – 2 566 мың гектар, Павлодарда – 1 081 мың гектар, Қарағанды облысында – 1 032 мың гектар.
Егіс құрылымында ең көп үлесті дәнді дақылдар алып отыр – 10,9 млн гектар.

Жемшөп дақылдар – 782,7 мың гектар, көкөністер – 116,2 мың гектар, картоп – 108,1 мың гектар, бақша дақылдары – 84,1 мың гектар, майлы дақылдар – 2 747 мың гектар, мақта – 141,6 мың гектар, дәндік жүгері – 153,9 мың гектар, қант қызылшасы – 17,8 мың гектар, күріш – 87 мың гектар.

1 119,8 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алу бойынша келісімшарттар жасалды, оның ішінде 976,9 мың тоннасы шаруаларға жөнелтілді.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 368,8 мың тонна дизель отыны бөлінді, оның 290,1 мың тоннасы өңірлерге жеткізілді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі егіс науқанын үйлестіруді жалғастырып, көктемгі дала жұмыстарын сәтті аяқтау үшін ауыл шаруашылығы өндірушілерін қажетті ресурстармен қамтамасыз ету бойынша қолдау көрсетуде.