2025 жылғы 22 мамырда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуі шеңберінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Алматы облысының тұрғындарымен, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізеді.
Күн тәртібінде – өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту үшін қабылданатын шаралар, сондай-ақ көктемгі дала жұмыстарын жүргізу мәселелері.
Кездесу сағат 9.00-де Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Сарыбұлақ алабы 75 км, «Олжас» ШҚ мекенжайы бойынша өтеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.
Телефон арқылы қосымша ақпарат: +7 775 837 8519 — Әсия Нұрпейісова.
Министрлікте өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды электрондық поштаға жіберуді сұраймыз: kadrinova.as@minagri.gov.kz.