Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президенттің аграрлық саланы дамыту жөніндегі міндеттеріне сәйкес, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу мәселелері қаралды. Жиында Ауыл шаруашылығы, Энергетика, Экология және табиғи ресурстар, Су ресурстары және ирригация министрліктерінің, «Бәйтерек» холдингінің басшылары, сондай-ақ Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкімдері баяндама жасады.
Олжас Бектенов Мемлекет басшысы аграрлық саланы дамыту және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мәселелеріне ерекше мән беретінін атап өтіп, ол үшін көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы әрі сапалы жүргізу керек екенін баса айтты.
«Мемлекет басшысының конституциялық реформасы елімізді одан әрі жаңғыртуға, оның ішінде экономиканың барлық саласын дамыта отырып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Осы орайда азық-түлік қауіпсіздігін күшейту және импортқа тәуелділікті азайту өте өзекті мәселе болып отыр. Қазіргі таңда басты міндет – егіс науқанын сапалы жүргізу», — деп атап өтті Премьер-министр.
Үкімет тарапынан барлық қажетті жағдай жасалды. Қаражат бөлінді, фермерлерді техникамен және ресурстармен қамтамасыз ету шаралары қабылданды. Бұл ретте агротехнологиялық талаптарды қатаң сақтау және шаруаларды жанар-жағармаймен уақтылы қамтамасыз ету қажеттігі баса айтылды. Биыл 2,3 млн тонна тыңайтқыш себу және элиталық тұқымдардың үлесін 11,7%-ға дейін жеткізу жоспары бекітілді. Премьер-министр аталған көрсеткіштерге толық көлемде қол жеткізу керектігін атап өтті. Сонымен қатар өсімдіктерді қорғау шараларын уақтылы жүргізіп, егіс алқаптарын әртараптандыру жұмысын жалғастыру маңызды.
Ауа райы жағдайларына мониторинг жүргізуге ерекше назар аударған жөн.
Экология министрлігі жедел шешімдер қабылдау үшін егіншілерге өзекті метеорологиялық болжамдарды уақтылы беруді қамтамасыз етуі қажет.
Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту және отандық машина жасаушыларды әрі қарай да қолдау қажеттігін баса айтты. Соңғы 3 жылда фермерлер 70 мыңға жуық жаңа техника сатып алды, оның 90%-ы өзіміздің отандық өндірістен шыққан. Ауыл шаруашылығы, Өнеркәсіп министрліктері мен «Бәйтерек» холдингі жаңа техниканың үлесін арттыру жұмысын жалғастыру, өнім түрлері мен көлемін арттыру үшін отандық машина жасаушыларды әрі қарай да белсенді ынталандыру тапсырылды.
Бұдан басқа, агроөнеркәсіп кешенін цифрландыруды дамыту шаралары қаралды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында саланы цифрландыруға баса назар аударғаны атап өтілді. Премьер-министр цифрлық құралдар аграрлық өндірістің барлық кезеңінде, яғни процестерді жоспарлау мен бақылаудан бастап дайын өнімді есепке алу мен сатуға дейін қолданылуы тиіс екенін атап өтті. Ауыл шаруашылығында цифрлық шешімдер мен ЖИ енгізудің табысты тәжірибелерін кеңінен тарату қажеттігі ерекше атап өтілді. Сондай-ақ леулі жер ресурстарына ие шаруашылықтардың әлеуетін толық жұмылдыру керек.
Жалпы соңғы жылдары өсімдік шаруашылығы орнықты өсім көрсетіп келеді, негізгі міндет – осы қарқынды сақтап қалу.
Отырыс қорытындысы бойынша Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.
Бірінші. Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен және «Бәйтерек» холдингімен бірге диқандарды барынша қамти отырып, өтінімдерді қарау және жеңілдетілген қаржы бөлу рәсімдерін оңтайландырсын.
Олар басы артық әкімшілік кедергілерге тап болуға тиіс емес. Барлық өтінімдерді тез әрі ашық түрде қарау қажет.
Сонымен қатар егіншілердің қаржы ресурстарына қолжетімділігін кеңейту мақсатында Ауыл шаруашылығы және Қаржы министрліктері Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін өзге аймақтарға да таратып, револьверлік қаржыландыру тетігін қарастыруы қажет.
Екінші. Шегірткенің таралу қаупін ескере отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдерімен бірге жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіп, зиянкестерге қарсы профилактикалық және қорғаныс шараларын қабылдасын.
Олардың таралу болжамдарын қайта қарап, шұғыл әрекет ету үшін ведомствоаралық үйлестіруді күшейту тапсырылды.
Үшінші. Вегетациялық кезеңнің басталуын ескере отырып, Су ресурстары және ирригация министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, оңтүстік өңірлерді егінге қажетті сумен тұрақты қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
«Ауыл шаруашылығында су үнемдейтін технологияларды белсенді енгізу қажет. Су тапшылығының қаупі жоғары өңірлерді басым тәртіппен қаржыландыруды қарастырып, диқандарды тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйесіне көшуге ынталандыратын кешенді шараларды жүзеге асыру керек. Бірқатар оңтүстік аудандарда фермерлер тарапынан су тапшылығына қатысты шағымдар тіркелуде. Мұндай мәселелерді шешу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуі тиіс», — деп атап өтті Премьер-министр.
Жалпы, Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс әкімдіктерімен бірге егіс жұмыстарының уақтылы аяқталуын және жазғы егіс науқанының сапалы өтуін бақылауды қамтамасыз етуі қажет.
Жалпы үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге жүктелді.
Душанбедегі жұмыс сапары аясында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Тәжікстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Курбон Хакимзодамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар аграрлық саладағы ынтымақтастықтың болашағы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері және екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту бағыттарын талқылады.
Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіптік кешен өнімдері бойынша екіжақты сауданың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы АӨК өнімдері бағытында тауар айналымы 11,5%-ға өсіп, 595 млн АҚШ долларына жетті. Оң үрдіс ағымдағы жылы да сақталуда. Мәселен, бірінші тоқсанда өзара сауда көлемі 26,1%-ға артып, 182 млн АҚШ долларын құрады.
Экспорттың негізгі үлесі бидай, ұн, өсімдік майы, арпа, жүгері, ет өнімдері және өзге де ауыл шаруашылығы тауарларына тиесілі.
Қазақстан тарапы ұн тарту өнеркәсібі, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, кондитерлік өнімдер, өсімдік майы, табиғи шырындар мен концентраттар өндіру бағыттарында бірлескен кәсіпорындар құруға және Қазақстан аумағында Тәжікстан инвестицияларын тарту арқылы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.
«Аграрлық азық-түлік саласында өткізілетін іс-шаралар туралы ақпаратпен тұрақты түрде алмасуды ұсынамыз. Сондай-ақ селекция және тұқым шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты жандандырып, аграрлық ғылым мен білім беру бағытындағы әріптестікті нығайту қажет. Оның ішінде білім, тәжірибе және технология алмасу да маңызды рөл атқарады. Бірлескен бастамаларды іске асыру елдеріміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін кеңейтуге ықпал етеді», — деді Айдарбек Сапаров.
Келіссөздер барысында екі елдің салалық ведомстволары әзірлеген ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған Жол картасына ерекше назар аударылды. Құжатқа қол қою ағымдағы жылдың екінші жартысына жоспарланған.
Өз кезегінде Курбон Хакимзода Тәжікстан тарапының Қазақстанмен әріптестікті одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін растап, сауда, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, аграрлық ғылым және заманауи технологияларды енгізу салаларындағы әріптестік әлеуеті жоғары екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар агроөнеркәсіптік кешендегі ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.
Ерте несиелеу тетіктері мен кепілдік беру құралдарын енгізу ағымдағы маусымда диқандарды қолдауды едәуір арттыруға мүмкіндік берді. Бұл туралы Үкімет отырысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин баяндады.
Осы жылы көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына кемінде 750 млрд теңге бағыттау жоспарлануда, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 5 есе артық. «Кен дала 2» бағдарламасы аясында қаражат 18 айға дейінгі мерзімге жылдық 5% мөлшерлемемен беріледі. Қазіргі уақытта несиелеудің жалпы сомасы 534 млрд теңгеден асты, 6,4 млн гектардан астам ақапта егін егіп отырған 4,2 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жеңілдікті қарыздар алды.
«Кепіл тапшылығы мәселесін шешу үшін «Даму» қорының кепілдік беру құралы қарқынды түрде пайдаланылуда, ол несие сомасының 85%-на дейін жабады. Қазіргі уақытта 209 млрд теңгеге 1,5 мың кепілдік берілді. Бұдан басқа, «ҚазАгроҚаржы» арқылы жылдық 5% жеңілдікпен техника лизингі де жалғасуда. Жыл басынан бері диқандарға 180 млрд теңгеден астам сомаға 5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы берілді, бұл көлемнің 90%-ы отандық өндіріске тиесілі», — деді ол.
Премьер-министр Олжас Бектенов бұрын берілген несиелерді қайтаруды бақылауда ұстау және револьверлік механизм бойынша қаражатты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.
«Мұны да бақылауда ұстау керек, әйтпесе біз жыл сайын қаражат бере алмаймыз. Қаржыландырудың мұндай қомақты көлемі негізінен револьверлік механизм бойынша берілуі тиіс: алдымен қаражат қайтарылады, содан кейін қайтадан беріледі. Осы мәселені бақылауға алыңыз», — деді Олжас Бектенов.
Осы ұсынымдарды «Дәнді және майлы дақылдар. Қазақстан» зерттеу бюросы әзірледі.
Дәнді дақылдар
Бидай тобы бойынша «үштік» пен «төрттік» сорттары қымбаттады.
|
тг/кг, ҚҚС-пен, элеватордан |
Ағымдағы орташа баға (элеватор) |
Өзгерістер |
Ұсынымдар |
Ең жоғары |
Ең төменгі |
|
жұмсақ бидай 3 кл, 28 клк + |
115 |
- |
ТОҚТАТУ |
145 |
- |
|
жұмсақ бидай 3 кл, 25 клк дейін |
100 |
+4 |
ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ |
100 |
- |
|
жұмсақ бидай 3 кл ,23 клк дейін |
96 |
+3 |
ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ |
95 |
- |
|
жұмсақ бидай 4 кл, 20 клк дейін |
95 |
+2 |
ТОҚТАТУ |
92 |
- |
|
жұмсақ бидай 5 кл, 17 клк дейін |
85 |
- |
ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ |
84 |
- |
|
арпа 2 кл |
89 |
- |
ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ |
90 |
- |
|
Қатты бидай (прот 14+) |
93 |
- |
САТУ |
110 |
- |
|
Қатты бидай(прот 15+) |
106 |
- |
САТУ |
130 |
90 |
*Қызылмен – бір аптада төмендегені, жасылмен – көтерілгені, барлық бағалар – жаңа егіндік кезеңіне
Майлы және бұршақты дақылдар
Нарыққа қатысушылардың көпшілігі майлы дақылдар мен бұршақ тұқымдастар бойынша бағалардың одан әрі түзетілуін күтуде.
|
тг/кг, ҚҚС-пен, элеватордан |
Ағымдағы баға |
Өзгерістер |
Ұсынымдар |
Ең жоғары |
Ең төменгі |
|
Зығыр |
222 |
-12 |
ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ОРАЙ |
310 |
- |
|
Рапс |
225 |
- |
ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ОРАЙ |
250 |
- |
|
Күнбағыс |
215 |
-1 |
ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ОРАЙ |
260 |
- |
|
Сафлор |
176 |
- |
ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ОРАЙ |
230 |
- |
|
Соя |
193 |
- |
ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ОРАЙ |
225 |
- |
|
Қыша қара/ақ |
215 |
- |
ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ОРАЙ |
260 |
- |
|
Бұршақ (сары)* |
103 |
- |
САТУ |
145 |
- |
|
Жасымық қызыл** |
127 |
-15 |
САТУ |
265 |
- |
|
Жасымық жасыл (ірі тар) ** |
180 |
-20 |
САТУ |
450 |
- |
*-жоғары сапаға ие солтүстік өңірледе, **-ҚҚС-сыз жаңа егінді кезең курсивпен көрсетілген
Түсіндірме:
Ағымдағы баға – келісімшарттар жасалатын элеваторда немесе вагонда ҚҚС қоса есептегенде Қазақстан ішіндегі орташа межеленген бағалар. Бағалар аймаққа, сапа көрсеткіштеріне, жеткізу шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.
Ұсыныстар: стоп-сауданы неғұрлым тиімді бағаларға дейін тоқтата тұру ұсынылады; қажет болған жағдайда сату (техникалық, қаржылық); сату – тауарды сату ұсынылады, өйткені жақын арада қолайлы перспективалар күтілмейді.
Ең жоғары - бұл аталған брошюра авторларының ағымдағы сауда маусымында жетуі мүмкін сияқты көрінетін бағаның жоғарғы шегі. Бұл пікір түпкілікті емес және жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.
Ең төменгі - бұл ағымдағы маусымда қол жеткізе алатын бағаның төменгі шегі.
Цифрлық технологияларды пайдалану және тұқым сапасын қадағалауды күшейту өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттырудың негізгі факторлары болады. Үкімет отырысында саланы цифрландыру және агротехнологиялық іс-шараларды қамтамасыз ету туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов баяндады.
Оның айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрілігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп егін егу барысы туралы деректерді жинауға арналған платформа әзірлеп шығарған, ол қазір пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Болашақта өндірісті талдау және болжау үшін жүйеге жасанды интеллект элементтері енгізіледі. Сонымен қатар тұқым сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде: жалпы қажеттілік стандарт бойынша 1-ші және 2-сыныптарға сәйкес келетін 2,3 млн тоннаны құрайды. Тыңайтқыштардың ішкі нарықтағы бағасы да белгілі бір межеде бекітілді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сәуір айынан бастап элеваторларды салу мен жаңғыртуды жеңілдікпен қаржыландыруға өтінімдер қабылдау басталды. Біз осы тапсырманы жүзеге асыру бойынша Жол картасын әзірледік, онда негізгі қаржыландыру критерийлері мен астық сақтау нысандарын салу және жаңғырту жөніндегі индикаторлар көзделген. Қаржыландыруды толық қамтамасыз ете отырып, элеваторлардық қуатын 1 млн тоннаға дейін кеңейту жоспарлануда», — деді Азат Сұлтанов.
Диқандарды заманауи техникамен және жеңілдікті отынмен қамтамасыз ету егіс науқанын оңтайлы агроөнеркәсіптік мерзімде жүргізуге мүмкіндік береді. Үкімет отырысында материалдық-техникалық базаны мемлекеттік қолдау шаралары туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов хабарлады.
Оның айтуы бойынша, бүгінгі күні техникалар жұмысқа толық дайын: 133,9 мың трактор, 5,6 мың жоғары өнімді егіс кешені және 71,4 мың сепкіш бар. Мемлекеттік қолдаудың арқасында 2025 жылдың қорытындысы бойынша паркті жаңарту деңгейі 6,5%-ға, биылға жоспар 8%-ға жетті. Бұл ретте техниканың тозу деңгейі 10%-ға төмендеді. Отандық ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі бір жылда 22%-ға ұлғайды, осы жылы 9,9 мың бірлік техника шығару жоспарлануда.
«Мемлекеттік қолдау шаралары отандық өндірушілерге бағытталған: жергілікті техниканы сатып алу кезіндегі шығындарды өтеу үлесі 30%-ды құрайды, ал импорттық техника үшін бұл көрсеткіш - 15-25% аралығында. Паркті жаңарту егіннің сапасы мен біркелкілігін арттырады. Сонымен қатар, науқанды өткізу үшін 402 мың тонна жеңілдікті дизель отыны бөлінді, оның 204,7 мың тоннасы жөнелтілді», — деп атап өтті вице-министр.
Әртараптандыру қағидаттарын енгізу және жоғары сұранысқа ие дақылдарға баса ден қою ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар тауарлармен қамтамасыз етуге және бағаның ауытқу тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді. Үкімет отырысында көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов баяндады.
Оның айтуынша, биыл егіс алқаптарының жалпы аумағы 23,8 млн гектарды құрайды, бұл өткен жылдың көлемінен 180 мың гектарға артық. Майлы дақылдар алқабы 4 млн гектардан, жемшөп дақылдары алқабы 3,3 млн гектардан асады. Қайта өңдеу жобаларын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында жүгері алқабы 265 мың гектарға дейін кеңейтілді, ал ұйымдасқан шаруашылықтарда картоп отырғызу 10 мың гектарға ұлғаяды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әртараптандыру жұмыстары жалғасуда. Осы жылы бидай алқабы 125 мың гектарға қысқарып, 12,1 млн гектарды құрайды, сондай-ақ су ресурстарын үнемдеу мақсатында күріш алқаптары 20,2 мың гектарға оңтайландырылды, бұл ретте тамшылатып суаруға арналған мақта алқаптары 29,8 мың гектарға ұлғаяды. Егістіктердің бекітілген құрылымы егіннің қажетті көлемін алуға және сыртқы сұраныс конъюнктурасын ескеруге мүмкіндік береді», — деп атап өтті вице-министр.
2026 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Павлодар облысының тұрғындарымен, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізеді.
Күн тәртібіндегі тақырып: «Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша қабылданған шаралар».
Кездесу сағат 11:00-де Павлодар қаласы, Сәтбаев көшесі, 104 мекенжайында орналасқан С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ғимаратында өтеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.
Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7 (7172) 555-765 — Асия Нұрпейісова.
Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарды targynova.k@minagri.gov.kz электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Тәжікстанда өткен ФАО-ның Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік конференциясының 35-сессиясы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының Бас директоры Цюй Дунъюймен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен ФАО арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешегін талқылады.
«Еліміз ФАО-ны өңірлік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі стратегиялық серіктес ретінде қарастырады. Біздің сарапшы топтарымыз арасында қалыптасқан сенім мен өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалаймыз. Дәл осы үйлесімді жұмыс бірқатар маңызды құжаттар мен бастамаларды әзірлеудің соңғы кезеңіне шығуға мүмкіндік берді», — деп атап өтті министр. Сонымен қатар Астанадағы ФАО-ның Байланыс және әріптестік бюросының тиімді қызметіне жоғары баға берді.
Қазіргі уақытта ұйыммен бірлесіп жалпы құны 9,5 миллион АҚШ долларын құрайтын 10 негізгі жоба жүзеге асырылуда.
Олардың қатарында сүтті мал шаруашылығын дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын әзірлеу, күйіс қайыратын ұсақ жануарлар обасының алдын алу және анықтау әлеуетін күшейту, сондай-ақ Армения, Түркия және Өзбекстанмен бірлескен бруцеллезге қарсы күрес жобалары бар.
Сонымен қатар селекция және тұқым шаруашылығын дамыту, шегірткеге қарсы күрес пен мониторингті күшейту, Орталық Азия елдері мен Ауғанстанда зиянкестерге қарсы ауқымды өңірлік жобаны іске асыру бағытында жұмыстар қолға алынуда.
ФАО – Қазақстан серіктестік бағдарламасы аясында Ақмола, Алматы, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында деректер жинау жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ «Қазақстандық сорттар мен тұқымдар» ұлттық бастамасының негізгі индикаторларын айқындау бойынша бірқатар бірлескен кеңестер өткізілді.
Бұдан бөлек, 2026–2029 жылдарға жоспарланған топырақтағы органикалық көміртекті мониторингтеу, бағалау және растаудың ұлттық жүйесін әзірлеу жобасы іске қосылу кезеңінде тұр.
«Өткен жылы Қазақстанға барып, ел басшылығымен кездесу барысында өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқыладым. Бүгінде қол жеткізілген келісімдерді іске асыруда нақты ілгерілеуді көріп отырмыз.
Аграрлық азық-түлік жүйелерін тұрақты дамыту бойынша өңірлік көшбасшылығы мен белсенді ынтымақтастығы үшін Қазақстанға алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ Қазақстан Президентіне ФАО қызметі мен азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдағаны үшін ризашылығымызды білдіреміз.
Осы ретте ФАО штаб-пәтерінде қазақ бөлмесінің ашылуын да ерекше атап өткім келеді. Бұл — Қазақстан мен ұйым арасындағы әріптестік пен достықтың нығаюының маңызды көрінісі», — деді Цюй Дунъюй. Одан әрі негізгі бағыттар бойынша серіктестікті тереңдетуге дайын екенін жеткізді.
Тәжікстанда «Жастар, ғылым, инновациялар және инвестициялар» халықаралық форумы аясында ФАО-ның Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік конференциясының 35-сессиясы өтті.
Басты мақсат– аграрлық азық-түлік жүйелерін тұрақты дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша өңірлік диалогты нығайту.
Конференция жұмысына еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы Бас директоры Цюй Дунъюй, Тәжікстанның Премьер-министрі Кохир Расулзода, Өзбекстанның, Түрікменстанның, Қырғызстанның және Әзербайжанның ауыл шаруашылығы министрлері қатысты.
Айдарбек Сапаров «Орталық Азия: өңірдің “астық қоймасы” ретіндегі әлеуетін ашу – инвестициялар мәселелері жөніндегі министрліктік диалог» сессиясында сөйлеген сөзінде қазіргі жаһандық сын-қатерлер аграрлық салада күш біріктіруді және тұрақты тәсілдерді енгізуді талап ететінін атап өтті.
«Қазақстан ФАО-мен көпжылдық әрі сындарлы ынтымақтастықты жоғары бағалайды. ФАО - Қазақстан серіктестік бағдарламасы аясында селекция және тұқым шаруашылығы, молекулалық технологияларды енгізу, дәлме-дәл егіншілік құралдарын пайдалану бағытындағы жобалар табысты жүзеге асырылуда. Бұл астық өндірісінің өнімділігін арттыруға және оны климаттық өзгерістерге бейімдеуге ықпал етеді», – деді министр.
Бүгінде Қазақстан жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі жүйесінде стратегиялық маңызды орынға ие және әлемдегі ірі астық өндіруші елдердің қатарына кіреді.
2025 жылы қатарынан екінші жыл 27 млн тонна астық, 5 млн тоннаға жуық майлы дақыл және 1 млн тоннаға жуық бұршақты дақыл жиналды. Өткен маусымның қорытындысы бойынша 15,3 млн тонна астық экспортталды.
Қазақстан астық экспорты бойынша әлемде 10-шы, ұн экспорты бойынша 2-ші, ал күнбағыс майын экспорттау бойынша 8-орында тұр. Жалпы алғанда, экспорт географиясы әлемнің 50-ге жуық елін қамтиды.
«Халық санының өсуі, климаттық өзгерістер және жаһандық нарықтардағы тұрақсыздық жағдайында азық-түлік қауіпсіздігі мемлекеттердің тұрақты дамуының негізгі факторларының біріне айналып отыр. Осындай жағдайда еліміз астық өнімдерін өндіру, сақтау, өңдеу және жеткізу бойынша өңірлік орталық ретінде стратегиялық орнын нығайта алады», – деп атап өтті министр.
Одан әрі Министр саланы цифрландыру мәселелеріне де ерекше тоқталды. Барлық элеваторлар бірыңғай ақпараттық жүйеге біріктірілген, электрондық астық қолхаттары жүйесі жұмыс істейді, ал астық қозғалысы нақты уақыт режимінде бақыланады. Бұл тауар ағындарының ашықтығын қамтамасыз етіп, көлеңкелі айналымды азайтуға және өнім сапасын тиімді бақылауға мүмкіндік береді.
2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары жүзеге асырылуда. Ол мал басын көбейтуге, саланың экспорттық әлеуетін арттыруға және ішкі нарық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Сөз соңында Айдарбек Сапаров Қазақстанның Еуразиядағы негізгі азық-түлік орталықтарының бірі ретінде мәртебесін нығайтуға қажетті барлық ресурстарға ие екенін баса айтты. Сондай-ақ еліміз Орталық Азия, Таяу Шығыс, Еуропа және әлемнің басқа да өңірлеріне астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін тұрақты, жедел әрі экономикалық тұрғыдан тиімді жеткізуге дайын екенін айтты.
Конференция аясында тақырыптық көрме ұйымдастырылып, онда Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы өзінің ақпараттық тақтасын орналастырды.
Сессия барысында қатысушылар аграрлық азық-түлік жүйелерін тұрақты дамытуға қатысты негізгі мәселелерді ортаға салып, конференцияның күн тәртібін бекітті, сондай-ақ сессия төрағасы мен сессияда баяндама жасаушыларды сайлады.