Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізді, онда өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың негізгі мәселелері талқыланды.
Вице-министр жалпы өңірлік өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі шамамен 11% құрайтынын атап өтті. Бұл көрсеткішті арттыру үшін жергілікті шаруалар еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын белсенді пайдалануы қажет. Бұған ұрықтандыру, жоғары сапалы тұқымдарды пайдалану, техниканы жаңарту және мал шаруашылығын қарқынды дамыту сияқты агротехнологияларды кеңінен енгізу кіреді.
Ағымдағы жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға 700 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Қаржыландыруға өтінімдерді қабылдау 1 қарашада басталды, ал қаржыландырудың өзі 29 қарашада басталды.
«Егіс жұмыстарына кредит беру кезінде кепілмен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі проблемасын шешу үшін қарыз сомасының 85% мөлшерінде «Даму» КДҚ кепілдік беру тетігін қолдану жалғастырылады. Жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бағытталады, бұл машина-трактор паркін 5 мыңнан астам бірлікке жаңартуға мүмкіндік береді», - деді Ербол Тасжүреков.
Сондай-ақ ӘКК арқылы ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру бағдарламасын іске асыру жалғасуда, оның шеңберінде Жамбыл облысына 13 жобаны іске асыруға 8 млрд теңге бөлінетін болады. Олардың ішінде көкөніс сақтау қоймаларын салу бойынша 5 жоба, 4 - сүт-тауар фермаларын, 2 – қайта өңдеу кәсіпорындарын салу, 1 жоба жерді суарумен және 1-балық үшін жем өндірумен байланысты.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер сүт өңдеу кәсіпорындарының өнімдерін сатуды, жұқа жүнді, жартылай жіңішке жүнді және ірі қой жүнін өндірушілерді субсидиялауды, ІҚМ экспортын, ауыл шаруашылығы жануарлары мен техникасын ередиттеу және лизинг кезінде пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауды, суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуді қоса алғанда, бірқатар өзекті мәселелерді айтты.
Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Халықаралық технологиялық форум – Digital Almaty 2025 аясында «Цифрландыру – ЕАЭО аграрлық секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы» тақырыбында панельдік сессия өтті.
Іс-шараға Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі алқа мүшесі (Министрі) Гоар Барсегян, ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдарының өкілдері және халықаралық сарапшылар қатысты.
Сессияда агроөнеркәсіптік кешеннің цифрлық трансформациясы, жасанды интеллект технологияларын енгізу және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына арналған өзара байланысқан экожүйе құру бойынша бірлескен іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы АӨК цифрландыру саласындағы елдің жетістіктерін таныстырып, ЕАЭО аясында ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын атап өтті.
Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан заманауи шешімдерді белсенді түрде енгізуде. Олардың қатарында ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу жүйелері, субсидиялау процестерін автоматтандыру және өсімдік шаруашылығын мониторингілеу жүйелері бар.
Сонымен қатар, жасанды интеллект технологияларын әзірлеу және енгізуге ерекше назар аударылды. Бұл технологиялар ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін және жердің түсімділігін болжауға, сондай-ақ субсидияларға өтінім беру үдерісін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бұл бастамалар агроөнеркәсіптік кешенді басқару тиімділігін айтарлықтай арттыруға бағытталған.
Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстанның бастамаларын қолдап, АӨК жедел дамуы үшін үздік цифрлық тәжірибелерді интеграциялау маңызды екенін атап өтті.
Жылына 10 000 тоннаға дейін форель мен баррамунди өсіруге маманданатын заманауи балық өнеркәсібі кешені құрылысының бірінші кезеңі аяқталды. «Оспанова Девелопмент» компаниясы жобасының жалпы құны 67,3 млрд теңгені құрайды.
35 гектар жер учаскесінде кешеннің құрылысы 2021 жылы басталды. 2023 жылдың қазан айында 25000 дана форель мен баррамунди шабақтарын сынақ ретінде алғашқы суға жіберу сәтті өтті.
2024 жылы құрылыстың бірінші кезеңі аяқталды. Кешенге технологиялық, әкімшілік-тұрмыстық және инженерлік-техникалық блоктар кіреді. Әкелінетін балықты орналастыруға арналған бассейндер, сүзгі қондырғылары, инкубациялық резервуарлар, тірі жем өсіру цехтары, соның ішінде артемия мен коловраттар бар.
Қуаттылықтың кезең-кезеңімен ұлғаюымен кешен жылына 10 000 тоннаға дейін балық өндіре алады.
Өнімді өткізудің негізгі нарықтары ҚР мен ТМД елдері болады деп күтілуде.
2025 жылғы 4 ақпанында орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков Жамбыл облысының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізеді.
Күн тәртібінде – өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты қабылданған шаралар.
Кездесу сағат 12.00-де Тараз қаласы, Абай даңғылы, 119 мекенжайы бойынша Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы басқармасында өтеді.
БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.
Толық ақпарат үшін телефон: +7 775 837 8519 – Әсия Нұрпейісова.
Өңірдің АӨК-ін дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды dossov.t@minagri.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша өсімдік шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлем индексі 2024 жылы 121,1% құрады. Нақты көлем индексінің ұлғаюы есепті кезеңде дәнді және бұршақ дақылдарының жалпы жиналуының өсуіне байланысты.
Көкөністер мен бақша, тамыр және түйнек дақылдарының ауданы 372,1 мың гектарды (98,6% 2023 жылға) құрады, оның ішінде ашық топырақтағы көкөністер – 126,1 мың гектар (80,9%), картоп – 122,6 мың гектар (129,5%), мақта – 106,4 мың гектар (91,3%).
16 551,8 мың гектар (99,4%) алқапта дәнді (күрішті қоса алғанда) және бұршақ дақылдары, 2 735,1 мың гектар (110,6%) майлы дақылдар, 120,2 мың гектар картоп (129,3%) жиналды.
Дәнді (күрішті қоса алғанда) және бұршақ дақылдарының жалпы өнімі 2023 жылмен салыстырғанда 47,4%-ға артып, 25 204,8 мың тоннаны құрады. Майлы дақылдардың жалпы өнімі 52,8%-ға артып, 3 337,6 мың тоннаны құрады.
Көкөністер мен бақша дақылдарының, тамыр және түйнек дақылдарының жалпы өнімі 4,2%-ға артып, 10 246,8 мың тоннаны құрады. Картоптың өнімділігі 28,7%-ға, яғни 2 634,6 мың тоннаға өсті.
2023 жылғы деңгеймен салыстырғанда дәнді (күрішті қоса алғанда) және бұршақ дақылдарының өнімділігі 47,6%-ға артып, 15,2 ц/га құрады, ал көкөністер мен бақша дақылдарының, тамыр және түйнек дақылдарының өнімділігі 4,6%-ға артып, 272,5 ц / га құрады. Сондай-ақ, жыл ашық көкөністер (өсу 4,5%) және қант қызылшасы (33,9%) үшін жемісті болды.
Осылайша, 2024 жыл ауылшаруашылық өндірісі үшін сәтті болды, бұл егістік алқаптарында да, жалпы өнім жинауда да өсумен расталды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков жұмыс сапары аясында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті. Ол агроөнеркәсіптік кешен саласында іске асырылып жатқан жобалармен танысты.
Атап айтқанда, вице-министр 2024 жылдың қазанында 460 бас аналық бас малдан тұратын СТФ кеңейту жобасы аяқталған «Украинка» шаруа қожалығын аралады.
Жоба ірі инвестициялық жобаларды несиелеу бағдарламасы аясында қаржыландырылды. Қожалықтың иелігінде 651 мың га ауыл шаруашылығы жері, 1270-тен астам ірі қара мал мен жылқы, сондай-ақ барлық қажетті арнайы техника бар.
«Біз Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасын жалғастырамыз. Өткен жылы 268,2 мың тонна сүт өндіретін 39 сүт-тауарлы ферма іске қосылды. 2025 жылы бұл бағдарламаға 200 млрд теңге бөлініп, 141 инвестициялық жоба қаржыландырылады. Шығыс Қазақстан облысына 8 млрд теңге бөлініп, 6 жоба жүзеге асырылады», – деді Ербол Тасжүреков.
Украинка ауылының тұрғындарымен кездесуде вице-министр олардың сұрақтарына жауап берді. Кездесуге қатысушыларды субсидиялау, «Ауыл аманаты» бағдарламасы, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы және өңдеу саласының дамуы қызықтырды.
«Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру міндетін қойды. Бұл мақсатқа жету үшін еңбек өнімділігін арттыру қажет. Ол үшін агротехнологияларды енгізу, тыңайтқыштарды қолдану, сапалы тұқым пайдалану, техниканы жаңарту, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту керек. Биыл көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға 700 млрд теңге бөлінеді. Қаражат бөлу 2024 жылдың 29 қарашасында басталып, бүгінге дейін 819 тауар өндірушіге 120,1 млрд теңге бөлінді», – деп мәлімдеді Ербол Тасжүреков.
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін жылына 8-10%-ға жеткізу тапсырмасына сәйкес, 200 млрд теңге жеңілдетілген лизингке бөлінеді. Бұл 5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға мүмкіндік береді.
Вице-министр агротехнологияларды енгізу және өнімділікті арттырудың маңыздылығын атап өтіп, Президенттің тапсырмасы бойынша ауылшаруашылық өнімдерін екі есе арттыру қажеттігін айтты.
ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин «Қазақстанда сүт өндіруді тұрақты дамыту саласындағы кәсіпорындардың біліктілігін арттыру» (KFM) қазақстан-герман жобасының жетекшісі Уве Веддиге мырзамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанда 2019 жылдан бері табысты жүзеге асырылып келе жатқан жобаны талқылады. Бастапқыда пилоттық жобаға Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 14 шаруашылық қатысты. 2023 жылдан бастап жоба аясында Алматы облысының Арқабай ауылында «Байсерке-Агро» оқу және ғылыми-өндірістік орталығы (ОҒӨО) базасында шаруашылықтарға кеңес беру, сүт өндірушілерге арналған консалтингтік қызметтер орталығын құру бойынша жұмыс жүргізілді.
Жоба аясында шикізат өндірісінің барлық кезеңдеріне, әсіресе нарыққа бағытталған отбасылық фермаларға арналған кеңес беру қызметтері көрсетіледі. Уве Веддиге сүт-тауарлы фермаларға, соның ішінде отбасылық және өнеркәсіптік үлгідегі фермаларға арналған практикалық семинарлар мен тренингтер ұйымдастыруды ұсынды.
«Малға күтім жасау, оны күтіп-бағу және азықтандыру, жем-шөп дайындау және сақтау бойынша білім мен дағдыларды жетілдіру – мал өнімділігін арттыру және сүт өңдеу кәсіпорындарының талаптарына сай сапалы сүт өндіру үшін маңызды. Бұл, әсіресе, Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату және «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар үшін өзекті», – деп атап өтті кездесу барысында Аманғали Бердалин.
2024 жылы «Байсерке-Агро» ОҒӨО және KFM жобасы халықаралық және отандық сарапшылардың қатысуымен 27 практикалық семинарлар мен вебинарлар өткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша «ҰАҒББО» КЕАҚ-мен бірлесіп 2025 жылға арналған тақырыптарды пысықтауды жалғастыру туралы шешім қабылданды. Оқыту процесі ферма мамандарын өндірістен қол үзбей қамтуды көздейді, бұл өз кезегінде шаруашылықтардың тиімділігін арттыруға оң әсер етеді.
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айгүл Ахмеджанова Шәкәрім университетінің жұмысымен танысты. Іс-сапар барысында профессор-оқытушылар құрамымен аграрлық ғылым мен білім беруді дамытудың негізгі мәселелері талқыланды.
Кездесудің тағы бір негізгі мақсаты болашақта мал шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған технопаркін құру. Абай облысындағы қолайлы климат пен мал шаруашылығының дамыған инфрақұрылымы осы бастамалардың өзектілігін атап көрсетеді.
«Университеттің аграрлық сектор үшін білікті мамандар даярлауда бай тарихы бар. Технопарк құру арқылы жергілікті өнімді қайта өңдеудің сапасы мен көлемін едәуір жақсартуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деп атап өтті ҰАҒББО басшысы.
ЖОО басшылығы ынтымақтастықты тереңдетуге және аграрлық бағытты дамыту бойынша бірлескен жұмысты жандандыруға ниет білдірді.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Татарстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Марат Зяббаровпен кездесті.
Кездесуге келген делегация құрамына Татарстан Республикасы Министрлер Кабинетінің бас ветеринария басқармасының, «Красный Восток» МК», «Эдельвейс Групп», «Казанские деликатесы» компанияларының, Татарстан шаруашылықтарының өкілдері кірген. Олар Қазақстанға етті мал шаруашылығындағы, агроқұрылымдағы және жалпы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы тәжірибені зерделеу үшін келді.
Вице-министр аграрлық сектордағы өзара іс-қимыл елдер арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.
2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша АӨК өнімінің Татарстанмен тауар айналымы 61,1 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ға артық. Сонымен қатар, тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын ұлғайтуға мүдделілігін атап өтті.
Аманғали Бердалин етті мал шаруашылығы мен жылқы шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары және агро саланы сақтандыру туралы хабардар етті.
«Жемшөп дайындаудан бастап дайын өнімді сатуға дейінгі толық циклді ет кластерлері құрылуда. Австралиялық тәжірибе бойынша алдағы 2 жылда қуаттылығы 98 мың бас ІҚМ 6 бордақылау алаңын, 50 мың бас ұсақ малға арналған бордақылау кешенін, сондай-ақ бірінші мамандандырылған мал биржасын салу жоспарлануда. Министрлік әрбір жобаны толық сүйемелдеуді жүзеге асырады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу біз үшін басым бағыт болып табылады. Біз ҚР аумағында бірлескен өндірістер құруға мүдделіміз», - деді вице-министр.
Өз кезегінде Марат Зяббаров барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты күшейтуге дайын екенін атап өтті.
Жұмыс бағдарламасы аясында делегация мүшелері Қазақстанның Ет одағының қызметімен танысты, Абай облысындағы мал шаруашылығы нысандарына барды, сондай-ақ Ақмола облысының шаруашылықтарына бару жоспарланған.
Жеке қабылдау барысында егін шаруашылығына жер учаскелерін бөлу, жайылымдық жерлерді қайтару, субсидиялау, ауыл шаруашылығы саласына кадрлар даярлау және т.б. мәселелер қаралды.
Министр өтініштер мен ұсыныстарға егжей-тегжейлі жауап берді, сондай-ақ олардың барлығы толық зерттелетініне және ескерілетініне сендірді.
Министрлік басшылығы белгіленген кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.