Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Комитеттер
Министрлік туралы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Қызметі
Все материалы
Қазақстанның АӨК-сі
17 февраля 2026
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына жаздық арпаны экспорттауға қойылатын фитосанитариялық талаптар жөніндегі хаттама жобасын қоғамдық тыңдау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына жаздық арпаны экспорттауға қойылатын фитосанитариялық талаптар жөніндегі хаттама жобасын ресми интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы хабарлайды.    

Жоба келесі сілтеме бойынша қол жетімді:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15764132

Осыған байланысты, Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады, өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды беруді сұраймыз.

Қазақстанның АӨК-сі
17 февраля 2026
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 180 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын қоғамдық тыңдау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 180 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын ресми интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы хабарлайды.    

Жоба келесі сілтеме бойынша қол жетімді:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15759990

 Осыған байланысты, Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады, өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды беруді сұраймыз.

Қазақстанның АӨК-сі
17 февраля 2026
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 160 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасын қоғамдық тыңдау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 160 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»  бұйрық жобасын ресми интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы хабарлайды.    

Жоба келесі сілтеме бойынша қол жетімді:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15759981

Осыған байланысты, Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады, өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды беруді сұраймыз.

 

Қазақстанның АӨК-сі
17 февраля 2026
«Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасын қоғамдық тыңдау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасын ресми интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы хабарлайды.    

Жоба келесі сілтеме бойынша қол жетімді:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15759916

Осыған байланысты, Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады, өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды беруді сұраймыз.

Қазақстанның АӨК-сі
17 февраля 2026
«Қазақстан Республикасының аумағында айналымына жол берілмейтін ветеринариялық дәрілік заттардың тізбесін бекіту туралы» бұйрық жобасын қоғамдық тыңдау

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағында айналымына жол берілмейтін ветеринариялық дәрілік заттардың тізбесін бекіту туралы»  бұйрық жобасын ресми интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы хабарлайды.    

Жоба келесі сілтеме бойынша қол жетімді:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15759845

Осыған байланысты, Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады, өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды беруді сұраймыз.

Қазақстанның АӨК-сі
17 февраля 2026
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын қоғамдық тыңдау

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын ресми интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы хабарлайды.    

Жоба келесі сілтеме бойынша қол жетімді:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15759816

  Осыған байланысты, Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады, өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды беруді сұраймыз.

Экспорт-импорт
Өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу
Мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу
17 февраля 2026
Қазақстан қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыра түсті

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экономиканы әртараптандыру жөніндегі одан арғы тәсілдер қаралды.

Өнімділікті арттырудың негізгі тәсілдері және өнеркәсіп нысандарын технологиялық жарақтандыру туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев, «Бәйтерек» ҰИХ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин, KazFoodProduckts компаниясының бас директоры Әлихан Талғатбек, шыны өндіретін OrdaGlass компаниясының өкілі Ғалымжан Қуатов баяндады.

Өз кезегінде ауыл шаруашылығы министрі ағымдағы ахуал туралы айтты. Оның айтуынша, Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы тұрақты әрі серпінді даму бағытын көрсетуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша:

- тамақ өнімдерін өндіру көлемі 3,9 трлн теңгеге жетіп, 8,1%-ға өскен;

- негізгі капиталға инвестициялар 2 есеге артып, 389 млрд теңгеге жеткен;

- өткен жылдың 11 айында қайта өңделген өнім экспорты $3,2 млрд құрап, 33,8%-ға артқан.

Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешені экспортындағы қайта өңделген өнімнің үлесі 52%-ды құрады.

«Бұның бәрі – өндірісті әртараптандыру мен қосылған құны жоғары өнімдерді ұлғайтуға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі. Мәселен, егін шаруашылығы саласында егіс алқаптарын әлемдік нарықта сұранысқа ие әрі жоғары рентабельді дақылдарға көшу жүргізілуде. Бүгінде майлы дақылдар егін шаруашылығының табыстылық драйверіне айналды. 2025 жылы олардың өнімі алғаш рет 4,9 млн тоннаға жетіп, 48%-ға өсті. Оның ішінде: күнбағыс – 39%-ға, зығыр – 77%-ға, рапс – 2,2 есеге артты. Сонымен қатар, далалық жұмыстарды жүргізуге жылдық 5% ставкамен 12 айдан 15 айға дейінгі мерзімге жеңілдетілген кредиттер бөлінуде. Олардың қайтарымдылығы шамамен 99%-ды құрайды», — деді ол.

Келесі маңызды қадам – қайта өңдеу. Осы бағытта, май өңдеу зауыттарының қуатын кеңейту және технологиялық жаңғырту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2024–2025 жылдары 58 млрд теңгеге жалпы қуаты шамамен 1 млн тонна болатын 4 ірі жоба іске қосылды.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында инновациялық өнім — лецитин өндіру бойынша өндірістік желі пайдалануға берілді. Солтүстік Қазақстан облысында да биылғы жылы лецитин өндіру зауыты іске қосылатын болады. Сонымен қатар алдағы үш жылда 94 млрд теңгеге 13 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Осы шаралардың арқасында күнбағыс майының экспорты 600 мың тоннаға дейін жетіп, Қазақстан әлемдік май экспортында 8-орынға ие болды.

«Бұдан басқа, мысал ретінде жоғары сұранысқа ие өнімдердің бірі – жасымық екенін атап өткім келеді. Бұрын біз оны Түркияға шикізат ретінде экспорттап, оны қайта жарма түрінде жоғары бағамен сатып алатынбыз. Қазіргі уақытта Қостанай облысындағы Кайзен, Ақмола облысындағы Гаранти Экспорт және Анка груп, Абай облысындағы Агро Лидер кәсіпорындарының іске қосылуы нәтижесінде ішкі нарық толық қамтылып, бүгінде дайын өнім экспортталуда. Айта кету қажет, Қазақстан жасымық экспорты бойынша әлемде 6-орында және оны одан әрі дамытуда үлкен әлеуетке ие. Жалпы, ағымдағы жылы дәнді-бұршақты дақылдар бойынша 1 млн тонна көлемінде рекордтық өнім жиналып, 56%-ға өсті. Оған қоса, олар – топырақты азотпен байытатын, кейінгі дақылдардың өнімділігін арттыратын жақсы дақылдар. Осыған байланысты егіс алқаптарын әртараптандыру жалғастырылатын болады», — деді министр.

Бұдан бөлек, астықты терең өңдеу бағыты да дамуда. Қазіргі уақытта республикада глютен, биоэтанол және крахмал өндіретін 3 кәсіпорын жұмыс істейді, олардың жалпы қуаты 500 мың тоннадан асады. Алдағы үш жылда 1,9 трлн теңгеге 6 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Осы ретте шығарылатын өнім түрлері кеңейтіліп, глутамат, треонин, лейцин, лизин сияқты аминқышқылдарын өндіру жолға қойылады. Бұл жобалар Түркістан, Жамбыл, Ақмола, Қостанай облыстарында және Астана қаласында жүзеге асырылады.

Мал шаруашылығы өнімдеріне тоқталатын болсақ, бүгінгі таңда елімізде 210 ет өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді. Олардың қатарына «Қайып ата», «КазБиф», «Бижан», «Кублей» және «ЕМСи Агро» секілді толық өндірістік циклді кәсіпорындары кіреді. Яғни олар мал өсіруден бастап, қайта өңдеп, дайын өнім шығарады.

Қазір 41,2 млрд теңгеге 11 жоба жүзеге асырылуда. Қосымша 50 мың тонна қуат енгізілетін болады. Олардың ішінде ең ірілері – Абай облысындағы Евразия Агро Семей және Жамбыл облысындағы ТРЗ Агро компаниялары.  Бұл жобалардың жүзеге асырылуы өнім түрлерін кеңейтуге, өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін арттыруға және саланың экспорттық әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.

Сүт өңдеу саласында тұрақты даму және өндірістік әлеуетті арттыру сақталуда. Қазір елде 180 өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді. 2025 жылы бірқатар ірі жобалар іске қосылды, олар:

  • «Евразиан милк» 13 мың тонна қоюлатылған сүт өндіру кәсіпорны;
  • КТ «Зенченко и К» 18,7 мың тонна сүт өнімдерін өндіру жобасы. 

Сонымен қатар, 41 млрд теңгеге 12 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Олардың нәтижесінде қосымша 165 мың тонна өңдеу қуаты енгізіледі. Бұл жобалар ішкі нарықты сүт өнімдерінің кең ассортиментімен қамтамасыз етуге және экспортты кеңейтуге негіз қалыптастырады.

«Тері мен жүн өңдеу бойынша өндірістік қуаттарды кезең-кезеңімен қалпына келтіру және жаңғырту жүргізілуде. 2025 жылы ірі нысандар пайдалануға берілді. Олар – Ақтөбе қаласындағы жылына 2,2 мың тонна жүн өңдейтін «Казфелтек» жобасы, Ақмола облысындағы қуаттылығы 2,4 мың тонна болатын «Агро Протеин» азықтық қоспалар өндіру жобасы.

Саланы одан әрі дамыту мақсатында 9,9 млрд теңгеге 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Олар қосымша 1,3 млн тонна өңдеу қуатын енгізетін болады. Осы жобалардың қатарында Тараз Желатин, ЭКО Клаб, Искефе Холдинг және КазЖелатин жобалары тері мен жанама өнімдерді терең өңдеуге бағытталған. Оларды жүзеге асыру тағамдық желатин мен жемдік қоспалар өндірісін ұлғайтуға, және шикізат шығынын азайтуға мүмкіндік береді», — деді министр.

Бұдан басқа, Қазақстанда дәстүрлі ауыл шаруашылығымен қатар агробизнестің жаңа бағыттары да дамып келеді. Атап айтсақ, ЭКО Глейд толық циклді заманауи саңырауқұлақ фермасы іске қосылды, оның инвестиция көлемі шамамен 11,3 млрд теңгені құрады. Кәсіпорын СЭЗ Қызылжар аумағында орналасқан. Жылына 2 400 тоннаға дейін шампиньон өсіріп-өңдейді. Бұл саңырауқұлақ өнімдері бойынша импортты айтарлықтай алмастыруға мүмкіндік береді.

«Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес соңғы екі жылда агроөнеркәсіптік кешенінде жеңілдетілген несиелеу көлемі айтарлықтай көтерілді. Көптеген жобалар Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында басталып, жүзеге асырылды. Бұл бағдарлама өндірісті жаңғыртуға,  автоматтандыруға және жасанды интеллект технологияларын енгізуге мүмкіндік беріп отыр. Сонымен бірге, бүгінгі күні фермерлер қаржыландыруды жылдың бастапқы кезеңінде бастауды көтеруде. Осыған байланысты облыс әкімдіктері импортты алмастыруға және экспорттық әлеуеті жоғары тиімді жобаларды қаржыландыруға басымдық беруі тиіс. Осы қабылданған жүйелі шаралар – қазірдің өзінде оң экономикалық нәтиже беруде», — деді ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Мысалы дайын тағам өнімдерінің экспорты орташа 3 есеге өскен. Сондай-ақ астықты терең өңдеу өнімдері, яғни биоэтанол, глютен және крахмал экспорты айтарлықтай көбейді. Бұл қосылған құны жоғары өнімдердің зор әлеуетін айқын көрсетеді.

Жалпы 2020 жылдан бері қайта өңделген өнім экспорты 3,2 есеге өсті. Биылғы жылы бұл көрсеткішті $3,9 млрд-қа жеткізу жоспарлануда. Осылайша, қабылданған жүйелі шаралар елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, қазақстандық агроөнеркәсіптік кешеннің сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруда.

AGROPROJECT
17 февраля 2026
Абай облысында бұршақ және майлы дақылдарды өңдейтін зауыт іске қосылды

Семей қаласында бұршақ және майлы дақылдарды өңдейтін жаңа зауыт пайдалануға берілді.
Кәсіпорын «Agrolider KAZ» серіктестігі негізінде құрылған және заманауи технологиялық қондырғылармен жабдықталған.
Жылдық шикізат өңдеу қуаты 72 мың тонна болса, жалпы инвестиция көлемі 4,1 миллиард теңгені құрайды.

Осыдан 3 жыл бұрын құрылған компания жарма, ұн және басқа да азық-түлік өнімдерін шығарумен айналысады. Зауытта түрлі жасымық, зығыр, бұршақ, жүгері, қарақұмық және басқа ауыл шаруашылығы дақылдары өңделеді.

Дайын өнімнің жылдық өндірістік қуаты 800 тонна мөлшерінде болмақ.
Өнімдер ішкі нарыққа және экспортқа бағытталған. Өнім Еуропа елдеріне, Қытай, Түркия және Африка мемлекеттеріне шығарылмақ.

AGROPROJECT
17 февраля 2026
Қазақстанда жылына 10 мың тонна қуаттылықтағы тағамдық желатин өндіру зауыты салынады

Мал шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мәселелері Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының «KAZGELATIN» ЖШС өкілдерімен кездесуі барысында талқыланды.

Жоба Алматы облысында тағамдық желатин өндіретін және мал шаруашылығының жанама өнімдерін — тері, сүйек және басқа да коллаген құрамды шикізатты терең өңдейтін зауыт салуды көздейді.

Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына шамамен 10 мың тонна тағамдық желатинді құрайды. Негізгі өнімнен бөлек, коллаген компоненттерін, жемдік ақуыздар мен техникалық майларды өндіру жоспарлануда. Инвестициялардың жалпы көлемі 58 млрд теңге көлемінде бағаланады.

Қазіргі уақытта ішкі нарықтағы тағамдық желатинге деген сұраныс толықтай импорт есебінен қамтамасыз етіледі, бұл ретте елімізде жеткілікті шикізат базасы бар. Қазақстанда мал шаруашылығының жанама өнімдерінің айтарлықтай көлемі қалыптасады, оларды тиімді өңдеу жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге мүмкіндік береді. Отандық өндірісті іске қосу импортқа тәуелділікті төмендетуге, ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу деңгейін арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

Ермек Кенжеханұлы жоба агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың стратегиялық басымдықтарына сәйкес келетінін және экспортқа бағдарланған өндірісті, оның ішінде Halal өнімдерін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ Министрлік қолданыстағы мемлекеттік қолдау құралдары аясында жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.

Өңірлерде ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен сүйектерін қабылдау үшін дайындау ұйымдарының желісін құру мәселесіне де ерекше назар аударылды.

Өсімдік шаруашылығы
16 февраля 2026
Шығыс Қазақстан облысында 2026 жылы 630 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі

Өңірде көктемгі дала жұмыстарына дайындық қарқынды жүргізілуде.

Егіс алқаптарын әртараптандыру бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы дақылдары 629,9 мың гектар жерге егілмек.

Егіс алқаптарының құрылымы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және саланың табыстылығын арттыру міндеттерін ескере отырып қалыптастырылған. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 254,2 мың гектарды құрайды, бұл жалпы алқаптың 40 пайызы. Оның ішінде 170,7 мың гектар жерге бидай егіледі.

Майлы дақылдар 232,3 мың гектарды қамтиды, оның ішінде 213,1 мың гектары күнбағысқа тиесілі. Мал азықтық дақылдар 132 мың гектар. Картопқа 7,3 мың гектар, ал көкөніс пен бақша дақылдарына 4,1 мың гектар бөлінген.

Облыста 16 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы бар. Егіс және топырақ өңдеу техникаларының дайындығы 100 пайызды құрайды.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тұқымға деген қажеттілігі 72 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде 56,8 мың тоннасы – дәнді дақылдар, 7,3 мың тоннасы – майлы дақылдар, 2 мың тоннасы – мал азықтық дақылдар және 5,9 мың тоннасы – картоп тұқымы. Қазіргі уақытта шаруашылықтар қажетті тұқыммен толық қамтамасыз етілген.

Егіс науқанын табысты өткізу үшін облыстық бюджеттен тұқым, минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алуға, сондай-ақ суару суын жеткізу қызметінің құнын өтеуге 4,1 миллиард теңге қарастырылған.

Топырақ құнарлылығын арттыру жөніндегі жол картасына сәйкес, биыл 60,8 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алу жоспарланып отыр.

Егіс жұмыстарын ерте қаржыландыру аясында 2025 жылғы қазан айынан 2026 жылғы қаңтар айына дейін 41 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржы берілді.

Социальные сети
Instagram
Youtube
Telegram
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты