«Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 231 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «___»_______№___ бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 231 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «___»_______№___ бұйрығының жобасына  БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

1

НҚА жобасының атауы

(НҚА түрін көрсете отырып)

 

«Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 231 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «___»_______№___ бұйрығы

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

3

НҚА әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 2-тармағына сәйкес

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны,

негізгі ережелердің сипаттамасы

 

Жоба «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 2-тармағына сәйкес кәсіби кеңестің және кәсіби аудиторлық ұйымның сапаны сыртқы бақылау объектілерін ажырату, сондай-ақ жүргізілген сапаны сыртқы бақылау нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымның халықаралық аудит стандарттары мен Әдеп кодексінің талаптарын сақтауын растайтын оларды бағалауды нақтылау мақсатында әзірленді.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Жобаның мақсаты «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 2-тармағына сәйкес кәсіби кеңестің және кәсіби аудиторлық ұйымның сапаны сыртқы бақылау объектілерін ажырату, сондай-ақ жүргізілген сапаны сыртқы бақылау нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымның халықаралық аудит стандарттары мен Әдеп кодексінің талаптарын сақтауын растайтын оларды бағалауды нақтылау мақсатында.

6

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

 

(https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15740673).