«Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 78 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 1054 бірлескен қаулысы мен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №83 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №886 бірлескен қаулысы мен бұйрығына баспасөз хабарламасы

«Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 78 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 1054 бірлескен қаулысы мен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №83 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №886 бірлескен қаулысы мен бұйрығы валюталық бақылаудың жекелеген рәсімдерін және резиденттердің валютаны репатриациялау талабын орындауын бақылау бойынша мемлекеттік кірістер органдарының құқық қолдану практикасын, валюталық бақылау мақсаты үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚР ҰБ) мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды жетілдіру мақсатында әзірленді.

Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидалардағы (бұдан әрі – ЭИВБ қағидалары)  өзгерістер:

1) ҚР ҚР МКК күн сайынғы негізде тауарларға арналған декларация (ТД), тауарлар әкелу мен жанама салықтарды төлеу туралы өтініштер (ТӘӨ), электрондық шот-фактуралар (ЭШФ) бойынша мәліметтердің кеңейтілген құрамын жолдауды көздейтін ЭИВБ қағидаларының нормаларын 2025 жылдан 2026 жылға көшіруге;

2) жалпы негізден $50 мыңнан аз эквиваленте берешек қалдығының болуына байланысты экспорт немесе импорт бойынша валюталық шартты есептік тіркеуден алудың негіздемесін, міндеттемелердің орындалуын мониторингтеу тиімділігі үшін жеке негіздеме етіп шығаруға;

3) мемлекеттік кірістер органдарының валюталық бақылау мақсаттары үшін ҚР ҰБ ақпараттық жүйесін пайдалануға;

4) жеке есепке алуды жүргізу шеңберінде экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын мониторингтеу рәсімдерін жетілдіруге;

5) экспорт немесе импорт бойынша сомасы 10 000 (он мың) мен 50 000 (елу мың) АҚШ доллары аралығында жасалған валюталық шарттар бойынша уәкілетті банктерден алынған төлемдер туралы мәліметтерді, егер есепті айда олар бойынша ақша сомасы эквиваленте 100 000 (жүз мың) АҚШ долларынан асқан жағдайда, валютаны репатриациялаудың орындалуын бақылау мақсатында ҚР ҚМ МКК-ге беруге бағытталған.

Аталған өзгерістер 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 желтоқсанда №35559 болып тіркелді.