Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң: бизнес-процестерді автоматтандыру

Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң: бизнес-процестерді автоматтандыру

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген заң ашық әрі әділ сатып алу жүйесіне жол ашып, осы арқылы кез келген адал өндіруші сатыпалымға тең шарттармен қатысуға мүмкіндік алды.

Бұл ретте Бірыңғай сатып алу платформасын енгізу мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатыпалымдарының электронды қызметтерін бір нүктеден алып, бұл тапсырыс берушіге, ұйымдастырушыға немесе өндірушіге сатып алу процесіне кез келген желіге қосылған компьютер арқылы қатысуға мүмкіндік береді.

Барлық адам онлайн режімде сатып алу туралы ақпаратпен таныса алады: техникалық ерекшеліктен бастап келісімшарттарды орындауға дейін.

Аталған портал қоғам мен бақылаушы органдарға қажетті мәліметтерді жедел алуға мүмкіндік беріп, деректердің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Цифрландыру шеңберіндегі негізгі жетістіктердің бірі ретінде қызмет ұсынушыларды іріктеу кезіндегі рейтингті-балдық жүйені енгізуді айтуға болды.

  Бұл әдіс жеңімпазды анықтау процесіне конкурстық комиссияның қатысуын болдырмай сыбайлас жемқорлықтың сын-қатерін азайтады.

Жеңімпаз мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері (жұмыс тәжірибесі, төленген салықтар, «аумақ», теріс мәндер) негізінде порталмен автоматты түрде анықталады.

Жеңімпаз автоматты түрде анықталатындықтан мұндай сатыпалымдардың қорытындыларына шағым жіберілмейді.

Конкурсты өткізу мерзімі – 5 жұмыс күні.

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап құрылыс-монтаж және жобалау жұмыстарын рейтингті-балдық жүйені пайдалану арқылы өткізілетін конкурстың көмегімен сатып алуға болады.

2024 жылдың 1 ақпанынан бастап техникалық қадағалау қызметтері де жоғарыда аталған тәсілге ауыстырылды.

Тұтастай алғанда, мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң мемлекеттен бөлінетін қаражатты үнемдеумен бірге нарықтың ашықтығы мен әділ бәсекелестікке жол ашып, шағын және орта бизнестің дамуына оң әсер етіп отыр.