Сіздерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі атынан және жеке өз атымнан 9 Мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – халқымыздың қайсарлығы мен ерлігінің, Отанға деген сүйіспеншілігінің айқын символына айналған қасиетті күн. Біз бұл күні Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қаһармандарды еске алып, бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге алғысымызды білдіреміз.
Жеңіс жолында жанын пида еткен ерлердің ерлігі – мәңгі жадымызда. Бүгінгі тәуелсіздігіміз бен ел тыныштығы – сол ұрпақтар сабақтастығы мен рухани беріктіктің жемісі.
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және бейбіт өмір тілеймін!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Мәди Такиев