Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысына қатысты

Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысына қатысты

2025 жылғы 4-6 мамыр аралығында Миланда (Италия) Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Азия даму банкі (АДБ) Басқарушылар кеңесінің 58-ші жыл сайынғы отырысына қатысты.

АДБ Басқарушылар кеңесі 2024 жылғы қызметінің қорытындыларын және алдағы кезеңге арналған жоспарларды қарастырды.

Отырыстың аясында Қазақстанның АДБ-дағы Альтернативті басқарушы ретінде Қаржы вице-министрі бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
АДБ Вице-президенті Инмин Янгпен, АДБ-ның Атқарушы директоры Шарлотт Диокно-Сикатпен, сондай-ақ Орталық және Батыс Азия бойынша Бас директор Евгений Жуковпен кездесті.

Кездесулер барысында Қазақстан мен АДБ арасындағы стратегиялық әріптестік, АДБ-ның 2025-2028 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыру, сондай-ақ АДБ басшылығының алдағы Астана Халықаралық Форумы мен Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Д. Кеңбеил «Транскаспийлік байланыс: көлік және энергетикалық дәліздерді ашу» тақырыбындағы Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығының (ОАӨЭЫ) сессиясында сөз сөйледі. Сессияда Каспий өңіріндегі тұрақты көлік және энергетикалық дәліздерді дамыту мәселелері мен мүмкіндіктері, оларды қаржыландыру тетіктері және даму қарқынын арттыруға арналған әріптестік стратегиялары талқыланды.