Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Ерғали Егемберды ҚМ МКК Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшыны Төлеген Сәрсембаевты таныстырды

Төлеген Қапсалықұлы Сәрсембаев қаржылық бақылау органдарында 1993 жылдан бері жұмыс істеп келедіОл Алматы қаласының салық органдарында түрлі қызметті атқардыСондай-ақ Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасарыкейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып еңбек етті

2023 жылдың шілдесінен 2024 жылдың мамырына дейін ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі болып қызмет етті

2024 жылдың мамырынан бастап 2025 жылдың ақпанына дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы болып жұмысістеді