ҚР Қаржы министрлігі ЕАЭО аясында бірыңғай нарықты құру мен оның жұмысына байланысты бағалау қызметі туралы заңға өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасын әзірледі. Мүлікті бағалау қызметтерінің бірыңғай нарығы 2025 жылдың соңына дейін өз қызметін бастайды деп көзделген.
Тиісті түзетулер таяу арада ҚР Парламентінің қарауына енгізілетін болады. Аталған реформа Парламент Сенатының алаңында депутаттардың, Қаржы министрлігінің, бағалаушылар палаталарының, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелде талқыланған болатын.
Мәселен, кеңес барысында Еуразиялық экономикалық кеңес шеңберінде мүлікті бағалау бойынша қызметтердің бірыңғай нарығын ашу жөніндегі нормалар, сондай-ақ заңнаманы жақсартуға бағытталған құқықтық практикаға сайкелтіруді қамтамасыз ететін нормаларды нақтылау мен оңтайландыру бөлігіндегі басқа да түзетулер пысықталды.
Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО аясында бағалау қызметтерінің бірыңғай нарығын құру ұйымға мүше елдердің аумағындағы нысандардың инвестициялық тартымдылығына оң әсер етеді.