Алматыда контрафактілік темекі өнімдерінің заңсыз айналымының жолы кесілді

Алматыда контрафактілік темекі өнімдерінің заңсыз айналымының жолы кесілді

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері тексеру шаралары барысында контрафактілік темекі өнімдерін анықтады. Осылайша, кодтары жоқ (сәйкестендіру құралдары) немесе анықталмаған үлгі кодтары бар 18 603 қорап темекі табылды. Заңсыз тауардың жалпы құны 17 млн теңгені құрады.

Осы факті бойынша материалдар Алматы қаласының сот органдарына қарау және тиісті процестік шешімді қабылдау үшін жіберілді.

Жедел іс-шаралар барысында тәркіленген акцизделетін өнім азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі қатер төндіреді. Себебі бұл тауарлар сертификаттау мен сапаны бақылаудың заңмен белгіленген процедураларынан өтпеген, сондықтан олардың құрамында денсаулыққа қауіпті заттар болуы мүмкін.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарды шығу тегі күмәнді темекі өнімдерін сатып алу кезінде сақ болуға шақырады.

Темекі өнімдеріне (сәйкестендіру құралдарына) салынған кодтардың түпнұсқалығын «NAQTY ONIM» мобильді қосымшасының көмегімен тексеруге болады. Акцизделетін өнімді заңсыз өткізудің барлық фактілері бойынша Алматы қаласының тұрғындары Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне Бөгенбай батыр көшесі, 132 мекенжайы немесе 8 708 765 38 22 телефоны бойынша хабарлай алады.