2024 жылғы 11-13 наурыз аралығында Астанада Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) семинары өтті

2024 жылғы 11-13 наурыз аралығында Астанада Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) семинары өтті

Сапар аясында 11-12 наурыз күндері ЭЫДҰ-ның Аға сарапшылары Томас Балко мен Эндрю Виола Жоғарғы сот судьясының және Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлерінің қатысуымен трансферттік баға белгілеу бойынша семинар өткізді, онда трансферттік баға белгілеудің әлемдік тәжірибелері мен қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мүмкіндіктері талқыланды.


13 наурызда өткен қорытынды семинарда Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінде (ТМК) маңызды шикізат минералдарын өндіру және салық саясаты мәселелері, соның ішінде трансферттік баға белгілеуге баса назар аударылды.


Жалпы, іс-шара мемлекеттік органдардың, бизнестің және халықаралық ұйымдардың өкілдерін кеңінен жинады.
«Салық саясаты және салық төлеуден жалтаруға қарсы күрес» сессиясын ашқан Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Е.Е. Біржанов ТМК саласындағы теңгерімді салық саясаты – бұл жай ғана реттеу құралы емес, сонымен қатар ресурстарды әділ бөлудің және мемлекеттің тұрақты дамуын ынталандырудың негізі екенін атап өтті.


Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ж.Ж. Дүйсембиев салықтық бақылауды жетілдіру бойынша Комитеттің жетістіктерін атап өтіп, трансферттік баға белгілеу шараларының салық базасын бұзу мен капиталды елден шығарудың алдын алудағы маңыздылығын баса айтты.


Өз кезегінде ЭЫДҰ Аға сарапшылары ТМК-дағы трансферттік баға белгілеудің ерекшеліктерін ашып көрсеткен баяндамалар ұсынып, оның әділ салық салуды қамтамасыз етудегі рөлін ерекше атап өтті.
ЭЫДҰ сарапшылары Қазақстанның халықаралық іскерлік операцияларда мемлекеттік кірістердің шығындарының алдын алу және BEPS бастамаларын енгізу бойынша бағытталған күш-жігеріне жоғары баға берді.


Бизнес өкілдері ЭЫДҰ бастамаларын қолдап, салық саласындағы ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету үшін BEPS стандарттарын енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Семинар Қазақстанның тау-кен металлургия секторының тұрақты дамуына бағытталған тәжірибе алмасу және үздік тәжірибелерді талқылау үшін маңызды алаңға айналды.