"Мобильді аудармалар", "Жалпыға бірдей декларациялау"тақырыбындағы баспасөз конференциясы МКК алыңында.

"Мобильді аудармалар", "Жалпыға бірдей декларациялау"тақырыбындағы баспасөз конференциясы МКК алыңында.

«Мобильді аударымдар» , «Жалпыға бірдей декларациялау» туралы тақырып.

Спикерлер:

Кусаинова Дина Кабдылманаповна, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы;

Ерсайын Көптілеуұлы, Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы.

⏰Уақыты: 2025 жылғы 09 қантар сағ.12:00-де
Өтетін орны: Астана қ., Жеңіс д., 11, 4-қабат, 404а-кабинет, конференц-залы.

БАҚ өкілдерінің аккредитациясы үшін 2025 жылғы 09 қаңтар сағат 10.00-ға дейін 8717-2-71-72-71-87-83 байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады.

 

 
🔰Мобильді аударымдар


🔷Мобильді аударымдарды бақылау заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталған.

Өлшемшарты 1 (бір) жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік 3 (үш) айдың әрқайсысының ішінде 100 (жүз) және одан да көп әртүрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына ақша қаражатын алуы болып табылады (ҚР Қаржы министрінің 29.03.2022 жылғы № 323 бұйрығына сәйкес). Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Көптілеуұлы Ерсайын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен баспасөз конференциясында айтып берді.

🔷2025 жылдан бастап екінші деңгейлі банктер –дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары бойынша 2024 жылдың қорытындысымен ақпарат ұсынады.

Аталған шара жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған, өйткені көптеген кәсіпкерлер тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемді кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке шоттарға мобильді аударымдар арқылы қабылдайды.

🔷Бұдан басқа, қолданыстағы өлшемшарттан дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар тұлғаларды алып тастау бойынша өзгерістер енгізіліп жатыр.

Сондай-ақ, өлшемшартты «1 (бір) жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік 3 (үш) айдың әрқайсысының ішінде 100 (жүз) және одан да көп әртүрлі тұлғалардан банк шотына жалпы сомасы 3 ең төменгі жалақыдан асатын ақша қаражатын алуы» деп өзгерту ұсынылды (01.01.2024 жылғы жағдай бойынша 255 мың теңге).

*****
🔰Жалпыға бірдей декларациялау

🔷Қазақстанда жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау жүйесін енгізу 2021 жылдан бастап кезең-кезеңімен іске асырылуда.

Бүгінгі таңда, үш кезең шеңберінде жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне 4 млн.-нан астам адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор басшылары, бизнес өкілдері және олардың жұбайлары кірді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен баспасөз конференциясында айтып берді.

 
 
 
 
 
       Ссылки: https://www.instagram.com/p/DEmQp1YOYrF/
🔷Халыққа ыңғайлы болу үшін салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz) «Электрондық үкімет» веб-порталы (egov.kz), «e-Salyq Azamat» (салық әмияны), «eGov mobile», «Halyk», «Банк Центр кредит» және «Kaspi» мобильді қосымшалары арқылы декларацияларды тапсыру бойынша электрондық сервистер іске асырылды.

2025 жылы декларацияларды ұсыну бойынша міндеттемелер азаматтардың қалған санатында туындайды.

🔷Бұл шамамен 8 млн. адам, оның ішінде жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқалар.

Мемлекет басшысының жалпыға бірдей декларациялау тәсілдерін қайта қарау туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында ел аумағынан тыс жерлерде активтері бар адамдарды қоспағанда, азаматтардың осы санатын активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды ұсынудан босату ұсынылады.

🔷Бұған мемлекеттік органдардың деректерқорын цифрландыру, қолма-қол ақшасыз төлемдердің жоғары үлесі (86%), автоматтандырылған салықтық бақылау, халықаралық келісімдер шеңберінде қаржы шоттары бойынша деректер алмасу, сондай-ақ цифрлық қызметтердің кең қолжетімділігі ықпал етеді.

Босату осы санаттағы жеке тұлғалардың 90%-дан астамына қатысты.

🔷Жеке тұлғалардың қолда бар активтерін тіркеу үшін барлық цифрлық дерекқорлардан, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерден мәліметтер алу тетігі қамтамасыз етіледі.

Бірақ болашақта 20 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын (74 млн. теңге) мүлік сатып алынатын болса, шығыстарды жабу көздері туралы ақпарат ашылуға тиіс.

🔷Сонымен қатар, азаматтарға ерікті түрде декларациялау құқығы берілді.

Жыл сайынға кірістер мен мүліктер туралы (270.00 нысан) декларациясы мемлекеттік қызметшілерге, квазимемлекеттік және жеке компаниялардың басшылары мен құрылтайшыларына және олардың жұбайларына сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде активтері және дербес салық салуға жататын кіріс алған жеке тұлғаларға сақталады.