«Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» Заңы

«Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» Заңы

Бұл заң азаматтардың қарыз жүктемесін шешуге бағытталған. Заңда соттан тыс банкроттық рәсімдерді (мемлекеттік кірістер органдары қолданады), сот банкроттығы мен төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімдерін (сот қолданады) қолдану жолдары қарастырылған. Аталған заң арқылы шамамен 16 мыңға жуық азамат банкрот деп танылып, 50 млрд теңге көлеміндегі берешек есептен шығарылды. Олардың басым бөлігі қаржы ұйымдарынан алынған займдар.

Бұл орайда МКК банкрот рәсімдерін қолдану мен төлем қабілетін қалпына келтіруге құқығы бар адамдар тобын кеңейту бойынша жұмысты жүргізгенін айта кетейік.

Осы заңға соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш беруді жеңілдету бойынша өзгерістер енгізілді (борышкер өтінішпен бірге қандай да бір құжаттарды қоса беру мен кредиторлардың атауы мен борыш сомасын ұсыну міндетінен босатылады), сондай-ақ оларға қатысты аталған процедураны қолдануға болатын кредиторлар тізбесін кеңейту; төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімін қолдану негіздерін қайта қарау (процедураны міндеттемелер бойынша мерзімі өткен және мүлік болмаған кезде де қолдануға болады, бірақ та тұрақты табысы болуға тиіс).

Заңға енгізілген бұл өзгерістер қаржылық қиындыққа тап болған азаматтардың мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.